Шымкентте көлік салығынан жалтарып жүрген жүргізушілер жетерлік

Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты
Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты
Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты

Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты. Салықшылар қазынаның қаржысын осылай түгендеуге кірісті. Бүгінде Абай ауданы бойынша 60 мың көлік жүргізушісі тіркеуде тұрады. Оның 8 мыңнан астамы әртүрлі жеңілдіктермен салықтан босатылған. Ал қалған көлік қожайындарының 25 пайызы салыққа салғырт қарағаны үшін салықшылардың қара тізіміне іліккен. Салдарынан сан миллиондардан қазына қағылып отыр.

Дарияқұл Сатыбалдиев, Абай аудандық салық басқармасы жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы: «Біз ескерту береміз, ескертуіміз еленбесе, сотқа арыз түсіреміз. Көлік жүргізушілердің мүлкі тәркіленетін жағдайлар да болуы мүмкін».

Жол-жөнекей салықшылардың құрығына ілінем деп ойламаған темір тұлпар иелерінің көпшілігі көлікке салық төлеу керектігін алғаш естіп тұрғандай кейіп танытты. Уақыт жетіспейдіні айтып, себеп-сылтаулармен сытылмақ болғандар да кездесті.

Салықшылар төлеуден жалтарып жүрген көлік қожайындарына хаттама толтырды. Рейд барысында сала мамандары тіпті мерзімі бітіп қалған куәлікпен көлік жүргізіп жүргендерді де кезіктірді. Құжатқа құнтсыз, салыққа-салақ қарайтын көлік қожайындарының бұл былықтары заңмен қаралатын болды. Салықтан жалтарғандарды жолдан торуылдайтын рейд шаралары апта бойына жалғаспақ. Енді салық төлеуге мойны жар бермей жүрген жүргізушелер жолда да еркін жүйітки алмайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_FFSzDWcsBs[/youtube]