Шымкентте полиция қызмкеткері ұрлық жасады. Анау мынау емес ІІД-інің ғимаратына ұрлыққа кірген. Бірақ әзірге учаскелік полицей қылмысын мойындамай, бет бақтырмай жатыр. Бір қызығы ол өз күйеуін улап өлтірді деп айыпталып жатқан Әлия Жұманованың құжаттарын ұрламаққа әрекеттенген екен. Сөйтіп Жұмановтарға қатысты іс аяқасты басқаша өрбіп кетті. Ескетеріңізде болса, кәсіпкер Рашид Жұмановтың өліміне оның әйелі кінәлі деп іс қозғалған болатын.
Жас жігіт камерадан бет-жүзін жарысып әлек. Әрине құқық қорғаушының өзі құрыққа түсті емес пе?! Оның адвокатының айтуынша ұсталған- Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі. Капитан шеніндегі азаматқа бірден екі бап: қызметін асыра пайдалану және ресми құжаттарды ұрлау бойынша айып тағылып отыр.
Белгілі болғаны учаскелік полиция қызметкері түн жамылып облыстық ІІД-нің ғимаратына кірген. Есіктердің құлыптарын бұзып, тергеушінің кабинетінде тұрған сейфтегі қылмыстық іске қатысты аса маңызды құнды құжатты ұрлап кеткен. Ол — өз күйеуінің өліміне күдікті деп табылған Әлия Жұманованың жеке басын куәландыратын төлқұжаты. Таң қаларлығы бұл оқиға азаматшаны қамауға алуға санкция берерден бір күн бұрын орын алған. Алайда осыған қарамастан Әлия Жұманова өзінің күйеуі кәсіпкер Рашид Жұмановтың қазасына күдікті деп табылып тұтқындалды.
Осылайша кәсіпкердің өлімі бойынша атышулы істі тергеу бітпей жатып, тағы бір қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Кімнің мүддесін қорғап құжат ұрлағаны белгісіз полицей болса әлі кінәсін мойындар емес. Тағы бір белгілісі күдікті капитан Сулейменов бұрын облыстық ІІД-де жұмыс істеген. Бір апта бұрын қызметі учаскелік полицейге төмендетіліп, Түлкібас ауданына жіберілген екен.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kONPMa1sXnY[/youtube]