«Арай-2013» байқауы өтуде

807
Гала-концерт жұма күні ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі де сол кезде болмақ.Айта өткен жөн, осынау эстрадалық ән байқауынан елімізге белгілі өнер майталмандары түлеп ұшқан. Оларыдң арасында Алтынай Жорабаева, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Нұрлан Еспанов, Мадина Сәдуақасова сынды халықтың жүрегінен орын алған әншілер бар.
Бұл "Арай -2013" жас эстрада әншілері және облыстық мәдени іс-шаралар жүргізушілерінің байқауының үміткерлері. Сахнаға төріне көтеріліп, халыққа танысытырылп жатқан олардың арасында республикалық деңгейдегі додаға алғаш қатысып жатқандары да бар.
Сахнада «Арай -2013» жас эстрада әншілері және облыстық мәдени іс-шаралар жүргізушілері байқауының үміткерлері. Сахнаға төріне көтеріліп, халыққа танысытырылып жатқан олардың арасында республикалық деңгейдегі додаға алғаш рет қатысып жатқандары да бар. Байқауда еліміздің түкпір-түкірінен 33 жас күміс күмейлер бақ сынауда. Солардың 15-і – біздің жерлестеріміз.
Кеш жүргізушілері байқаудың шымылдығын түріп, өз өнерлерін ортаға салуда. Себебі, жүргізушілер арасында да байқау жүріп жатыр.  Анығырақ айтсақ, 8 өнерпаз байқаудың шарты бойынша жас әншілердің эстрадалық ән байқауын жүргізеді. Қазылар алқасының шешімімен байқау соңында жеңімпаз анықталады дейді ұйымдастырушылар. Биылғы «Арай» байқауының ерекшелігі де сол – мәдени іс шаралар жүргізушілері сайысы енгізілген.
Ал «Арай – 2013» Республикалық байқауын ОҚО әкімінің орынбасары Әли Бектаев ашық деп жариялады. Бұл байқаудан талай таланттардың түлеп ұшқанын шегелеп айтқан ол үміткерлерге сәттілік тіледі
Көрермендер залы лық толы. Баршасы әншілердің әндерін тыңдап, баға беру үшін жиналған. Және жанкүйерлер болуды да ұмытпайды
Бұл кезде сахна сыртында қызу дайындық жүрді. Сахнаға екінші болып көтерілетін ОҚО-ның әншісі Ерік Серіктегі үміткер-достары алдында ән шырқап, дайындығын пысықтады. 20 жасар Ерік бүгінде ОҚМПИ-дың студенті.
Ал Орал  қаласының жас әншісі Айнара Айтқалиева «Арай-2013» байқауының бас жүлдесін иемдену үшін арнайы келдім. Бүгінге дейін талай дүркін республикалық, халықаралық байқаулардан тек 2-ші және 3-ші орындарды жеңіп келдім. Енді мен «Арай» байқауы арқылы өзімді мойындатқым келеді. Сондықтан, ешқандай қобалжуды сезініп тұрған жоқпын,-деп ағынан жарылды ол.
Сахна төріне 22-ші нөмірде шыққан шымкенттік әнші Ақниет Олжа бүгінге дейін талай халықаралық, республикалық байқауларда (Астана қаласында өткен Республикалық «Жұлдызай -2009», Санкт-Петербургта өткен халықаралық «Касталский ключ-2010» т.б ) бас жүлдені жеңіп үлгерген. 16 жасар жерлесіміз С.Бәйтерековтың «Әлия» атты әнін бұл байқауда  шарықтата шырқады.

 

Сахна төріне бірінші болып шығып, көпшілік алдында ән орындау үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап ететінін үміткерлер ғана жақсы сезінеді. Ал Республикалық «Арай-2013» байқауының шымылдығын «Атамаекен» әнімен Оңтүстіктің аруы Мәдина Өтебай түрді.
33 әншінің ішінен көшбасшыны  қабылдау өнерсүйерқауымның еншісінде
Қазылар алқасының төрағасы – ҚР Мәдениет Министрлігі, Мәдениет комитетінің  музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжановтың өзі. 5 адамнан құралған қазылар алқасының құрамында ҚР мәдениет қайраткері, әнші – Аллаберген Жақсыбеков, ҚР мәдениет қайраткері, әнші – Әбдіхан Нұрмаханбетов, композитор Айжігіт Асанов, ОҚО саз колледжінің оқытушысы Балзия Абирова бар

 

«Арай-2013» байқауында 2-ші болып өнер көрсеткен жерлесіміз Ерік Серіктегі Елбасы Н.Әбішұлының сөзіне, Бекболат Тілеухановтың әніне жазылған «Жерім менің» әнін орындап шықты
Ақтөбелік Нұрболат Абдуллин  «Атамекен» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. 5-ші нөмірлі болып өнер көрсеткен ол қобалжуды сезінбедім дейді

 

Шымкенттің төрінде «Қазақ елі» деп әуелете шырқаған жігіттер павлодарлық «Мэледи» тобы екен. 4-ші нөмірлі болып өнер көрсеткен жас өнерпаздар болашақта эстраданың жарқын жұлдыздарына айналуды армандайды
Өнерсүйер қауым үміткерлердің  қобалжуын да жүрекпен сезіп отыр. Кімнің қалай орындағанын, орындау шеберлігін бағамдауды да ұмытпайды. Тпті, кімнің жеңіске жетерін де топшылауда. Ендеше қазылар алқасы шешімі  мен көпшіліктің болжамы қаншалықты сәйкес келетінін гала-концертте байқайтын боламыз. Жасырмай-ақ  қоялық, көпшілік Оңтүстік өңірінің атынан өнер көрсеткен Қуаныш, Айдар, Қуат, Нұрбек квартеті мен қызылордалық Айгерім Өмірбек және Оралдың әншісі Айнара Айтқалиеваның жүлделі орыннан көрінетініне сенімді

 

Гала-концерт жұма күні ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі де сол кезде болмақ. Айта өткен жөн, осынау эстрадалық ән байқауынан елімізге белгілі өнер майталмандары түлеп ұшқан. Олардың арасында Алтынай Жорабаева, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Нұрлан Еспанов, Мадина Сәдуақасова, Асқар Жүнісбеков, Қайрат Түнтеков, «Жігіттер» квартеті, Тахмина Әшімбекова  сынды халықтың жүрегінен орын алған әншілер бар

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LDaaWJdNrP4[/youtube]