DSC_0095 (640 x 425)

Сахна төріне бірінші болып шығып, көпшілік алдында ән орындау үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап ететінін үміткерлер ғана жақсы кезінеді. Ал Республикалық  «Арай-2013» байқауының шымылдығын «Атамаекен» әнімен Оңтүстіктің ару Мәдина Өтебай түрді.
Ал «Арай-2013» байқауында 2-ші болып өнер көрсеткен жерлесіміз Ерік Серіктегі Елбасы Н.Әбішұлының сөзіне жазылған, Бекболат Тілеухановтың әніне жазылған «Жерім менің» әнін орындап шықты. «Маған өз орындағаным қаты ұнады, көңілімнен шықты. Тіпті билеген қиымлдарым да тамаша жарасып тұрды деп ойлаймын өзім. Ал көрермен қол соғып, қошамет көрсеткенде анау қобалжу сезімдерімнің барлығы да артта қалды. Сондықтан жеңіске жетемін деген үміт те жоқ емес. Ал сахнада әнді орындап жатқанымда қазақстанда туғаным үшін бақытты сезіндім, көз алдыма біздің кең-байтақ жеріміздің байлығы мен киелілігі, осы ел мен жер үшін жанын пида еткен алаштың азаматтары елестегенін жасырмаймын, дейді.
×