Шымкенттің әкімі қоғамдық көліктерді қатаң қадағалауға алды

370
Шымкенттіктердің шағымынан шешім шығады
Шымкенттіктердің шағымынан шешім шығады
Шымкенттіктердің шағымынан шешім шығады

Шымкенттегі қоғамдық көліктерде билеттер таратыла бастады. Бұл — кеше кешке жүргізілген рейд барысында алғаш рет орын алған жағдай. Қала әкімінің есебінде тұрғындардан шағым түскен соң мамандар тексеруге шықты. Содан болар, кешкі сағат жетіден кейін таппайтын автобустар 9-ға дейін жүріп, жолаушыларды қуантып тастады. Ал кестеден кешіккен жүргізушілердің үстінен хаттама толтырылды. Бұған қоса көлік секторының мамандары қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен кондукторларының бірыңғай киімде болуын да тексерді.

Кешкі сағат жетіден кейін көлеңкесін де көрсетпейтін автобустар бұл жолғы тексеру барысында тізіле жүрді. Сағаттап күтетін жолаушылар, минуттап ағылып жатқан қоғамдық көліктерді көріп аң-таң. Десе де, «құдасындай» күткізетін көліктерге деген өкпелерін ұмыта қойған жоқ.

Алғаш рет билет алғандар таңқалыстарын  жасыра алмады
Алғаш рет билет алғандар таңқалыстарын жасыра алмады

Жолаушы: «Үнемі жетіден кейін автобус таппай, сағаттап күтіп тұрамыз. Ал билет дегенді, бугін таратып жатыр, бұған дейін ешқандай автобустан да, газельденде билетті атымен көрген емеспіз».

Тексеру болатынын естіген кондукторлар бірден билет таратып, әлекке түсе қалды. Бұған дейін билет түгілі, сұрақтарына дөрекі жауап алатындарын айтып салды жолаушылар. Ал мына жүргізуші өзінде билеттің таусылып қалғанын айтып ақталуда. Тіпті, айқайлап, көпшіліктің назарын өзіне аударғысы келді. Сөйтсек, бір күнге деп 500 адамға берілген жолда жүру билеттері таусылып қалыпты.

Әбсадық Қасымов, №35 бағытқа жауапты маман: «Біз  автобуска күнде таңертең билет беріп шығарамыз, соңғы рейска жетпеген шығар, енді қайталанбайды.

Бүгін жол жүру кестесіне сәйкестік пен қызметтің сапасымен қоса жүргізушілердің бірыңғай киімі де тексерілді. Арнайы формасын кимеген жүргізушілердің үстінен хаттама түзіліп, жауапқа тартылды.

Автобустар кешкі тоғызға дейін жүретін болады
Автобустар кешкі тоғызға дейін жүретін болады

Кенеттен келген тексерушілерді ұнаптаса керек, әр бағытқа жауапты мамандар бірден айқайға басты.Ашумен жеңгісі келді. Алайда, өздерінен кеткен кемшіліктерді түсініп, бір аптаның ішінде бәрін жоюға сөз берді.

Десе де, ережеге бағынбай, тексеру тобынан қашып кеткен жауапсыз компаниялар да болды. Әсіресе, №27, 60, 60А, 35-ші бағыттағы көліктердің жолы болмады.

Қуатжан Жұматаев, қалалық көлік және коммуникация секторының меңгерушісі: «Бұл іс-шара көзбояушылық емес. Енді аптасына екі рет осындай рейд жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сейсенбі, бейсенбі күндері тексеру жүргізіп, айыппұл саламыз. Тұрғындардың шағымы назарға алынып, кешкі сағат 19:00 мен 21:00-ге дейін жүрмейтін қоғамдық көліктерді 30 айылық есептік көрсеткішке дейін айыппұл саламыз, кемшілігін түземесе қатаң шара көреміз».

Қоғамдық көліктердің мәселесін май шаммен қарап жатқан қала басшысы, тиісті талапты 3 рет орындамай, көзге түскен компаниялармен келісім-шартты бұзамыз деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c4QoPjo2cvA[/youtube]