Рано
Рано
Рано

Осыдан бір жарым ай бұрын көпбалалы ана Рано Хаджиметованың денесінің қызуы көтеріліп, аяқтары сыздайды, қатты ауыра бастайды.

Дәрігерлерге көрінгенімен, ешкім арнайы диагнозын қоя алмайды. Бір күні балтырынан араб әріптерімен жазылған жазу пайда болады. Рано үрейленіп,  бұл өзгешелікті ауыл имамдарына көрсетеді. Олар мұның «Лә илләха иллалах» деген кәлиманың сөздері екенің анықтап беріпті.

Мойындау керек, соңғы уақытта мұндай құбылыстар көптеп орын алып жатыр. Неге екені бір Аллаға ғана аян.  Десе де, біздің кейіпкер таза тұрып, таза жүріп- тұруға бел буыпты.

Рано Хаджиметова: «Имам намыз оқы деп айтты. Енді басымды сәждеге қойып, бес уақыт намазымды оқуға дайындалып жатырмын».

Рано аяғындағы кәлима жазуы
Рано аяғындағы кәлима жазуы

Мұндай керемет тылсым көрініс бұрын да бірқатар өңірде орын алған еді. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Жаңаөмір айылында бүйірінде араб жазуы бар қошақан туылған. Қозы ауыл тұрғыны Сайлаубай Манкеновтың шаруашылығында туды. Жануардың денесіндегі жазуды ең бірінші байқаған оның балалары. Қозының бүйіріндегі жазуды осы облыстың имамы бір жағында Аллах, екінші жағында Мұхамед деген араб жазуы бар екендігін айтқан.