Созақтың тұрғындары төтенше жағдайдың алдын алуда

371
Жұмыс қызып жатыр
Жұмыс қызып жатыр
Жұмыс қызып жатыр

Қаңтардағы дауылдан зардап шеккен созақтықтар бүгінде өздеріне-өздері келген. Енді тұрғындар су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қауіпті аймақтарда бөгеттер тұрғызылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Мамандар су қоймаларының деңгейін бақылауға алынғанын айтады. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өткен аудандық комиссия отырысында су тасу қаупі бар аймақтар анықталған болатын.

Осы мәселеге байланысты ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Нәтижесінде Созақ ауылында ұзындығы бір жарым шақырым және Қайнар ауылында бес жүз метр бөгет тұрғызылды. Сонымен қатар, Шаға ауылының жоғарғы тұсынан ұзындығы 400 метр дамба жасалынып, тасыған судың бағыты ауылға зиян келтірмейтін төменгі жаққа бұрылды.

Ауыл тұрғындары жылда су тасқынынан зардап шегетін. Биыл олар ерте бастан қамданып, аудан басшылығынан көмек сұраған. Аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев олардың өкінішін аяқ асты етпей, тиісті көмекті көрсетуге тапсырма берді.

Ал Қаратау етегінде жайғасқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 2 шақырым арық тазаланды. Автокөлік жолдарында орналасқан 35-ке тарта су өткізгіш құбырлары қар мен мұздан тазартылды. Бұған қоса тұрғындардың өздері төрт мың дана қапқа құм толтырылып, қауіпті аймақтарға қойып тастады.