Түрменің басшысы темір торға тоғытылды

Сот оны үш жыл алты айға кесті

 

Сот оны үш жыл алты айға кесті
Сот оны үш жыл алты айға кесті

Өзгені түзетуі тиіс басшының өзі сотталып кетті. Төлеби ауданында ИЧ-167/9 түзеу мекемесінің экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты. Ол жемқорлық әрекет жасады деп айыпталған болатын. Сотта бұрынғы бастықтың 100 мың теңге параны қалтаға басқаны дәлелденіп, бірнеше жылға темір торға қамалды. 

Сотталғандарды қабылдап ап, сосын олардың тәртібін түзететін түзеу мекемесінің басшысы енді өзі сот залында, айыпталушы ретінде. Ол қамалған азаматтың түрмедегі жағдайын жақсартып берем деп пара алған. Бұл қызметі үшін 100 мың теңге сұрапты. Сот оны үш жыл алты айға кесті.

Түзеу мекемесінің экс басшысына судья аяушылық танытса керек. Ата-анасының мүгедек екенін, тіпті жасаған қылмысына өкініп кірерге тесік таппай қалғанын ескеріпті. Әйтпесе жазасы тым ауыр болуы мүмкін екен.

Түгел БЕКІМБЕТОВ, Төле би аудандық сотының төрағасы: «Оның бұрын сотталмағандығын және әкесі 3 топтағы, ал анасы 2 топтағы мүгедек екенін ескердік. Оның үстіне жасы кәмелетке толмаған үш баласы бар екен. Және істеген қылмысына өкініп отыр. Сот ҚР қылмыстық кодексінің 254 бапты басшылыққа ала отырып осындай шешімге келді».

Сондай-ақ майор Шадыров енді 5 жыл мемлекеттік қызметтің маңына да жолатылмайды. Оған қоса бар мүлкі тәркіленіп,  майор шешінен айрылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VuczVMI1g6k[/youtube]