«Директор мен орынбасар бейбіт келісімге келді. Сондықтан сот болмайды». Бүгін осындай уәжді алға тартқан облыстық сот Төлебидегі мүгедек балаларға жұмыс істеткен Аян Рысбаеваның ісін қарамай қойды. Бұған өкпесі қара қазандай ата-аналар болса, құқықтарының аяққа тапталғанын айтып зар илейді. Естеріңізде болса бұған дейін Төлебидегі мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп интернатындағы дау туралы айтқанбыз. Мұнда ата-аналар мен бір топ мұғалімдер директордың орынбасары жұмыстан кетсін деп, оны сотқа берген еді.
«- Сам отозвал. Кассационную жалобу. Все».
«- Он отозвал кассационную жалобу на мировое соглашение. Я незнаю по какой причине. Может, было давление. Я щас поеду в обл Оно».
Ұл-қызының құқығын қорғаймын деп жүрген атан-аналар бұл сөзді естіп жағасын ұстады. Өйткені интернат директоры мен көп дауға себепкер болған Аян Рысбаеваның «бейбіт келісімге» келгені олардың төбесінен жай түскендей болды.
Айжан Арғынбаева, ата-ана: «Әділдік жоқ еш жерде. Міне істеп отқаны мынау, Төлебидің істеп отқаны анау. Ақтап шығарып отыр Аянды, Аян Рысбаеваны. Ал мен жүрмін баламенен қиналып, ана жаққа, мына жаққа шауып…».
«Сот шешімімен келіспейміз. Аян Рысбаева кетсін!».
Тек, ата-аналар ғана емес, мектеп-интернаттағы бір топ мұғалімнің де атышулы Рысбаеваға наразылығы бұл. Былтыр қарашада оқу ісінің меңгерушісінен бар құқайды көрдік деп ұстаздар қауымы да нарызылыққа шыққан. Қоластындағылардың сөзін сонда мекеменің директоры да қолдаған еді.
Аманбек Ахметбаев, мектеп-интернаттың директоры: (2012 жыл. қараша) «Мен білмеймін, неге оны соттың қолдап отырғанын. Біз бәрін дәлелдедік. Әділ болған жоқ сот. Мен вообще қарсымын».
Шынын айтқан директор неге уәдені жұтты? Орынбасармен болған «Бейбіт келісімде» не сыр бар? Ата-аналар осының жауабын таппай әлек. Десе де, мектеп-интернат директорын жамандыққа қимайды.
Жанар Сманова, ата-аналар комитетінің төрайымы: «Енді екі сөйлеп тұр. Мүмкін, давление болды департамент образованиядан. Мүмкін… Айта алмайм мен ешнәрсе бірақ. Мүмкін давление болд деп ойлайм. Потому что ол кісі қорғайм балдарыңды деп айтқан. Жұмыстан шығып кетсем, шығып кетейін. Қорғайм деген. Соңына келгенде Ахметбаев та жоқ, Рысбаева да жоқ. Сотта жоқ. Сонда балдарыммен қай жаққа барамыз».
Анық-қанығын білмекке, мектеп-интернаттың директорына хабарластық. Мәселеден, жүйкесі тозған басшы ауруханадан бір-ақ шығыпты. Телефон арқылы бүйдеді.
Аманбек Ахметбаев, мектеп-интернаттың директоры: «Мен кассацияға берген жоқпын. Менің атымнан қолымды қойып кім берген ғой анау, Жанар деген. Мен айтқам, мен бермейм дегем. Менің атымнан беріп жіберген. Мен келісімге келдім деп жазып бердім.
— Неге сіз келісімге келдіңіз?
— Мен келісімге келмегенде, мені мына жақтан, мына жақтан қысып өлтіріп жатырғой мені.
Қысымның қайдан екенін білмекке асыққан ата-аналармен бірге білім басқармасына тарттық. Ондағылар да соттың шешімен дауласа алмайтынын түсіндірді. Бұл дауға нүктені басқарманың алқалық отырысынан соң қойылатынын уәде етті.
Нышан Байғұт; облыстық білім басқармасы бастығының орыньбасары: «Кадрларды дұрыс таңдамаса, алған кадрлары кемістік жіберіп жатса жұмыста. Бірінші алған басшы жауа береді. Енді сол мәселені қарайын деп отырмыщз. Ол кісіні шақырған едік. Ол кісі больничныйдав. Шықса болды қараймыз. Біздің материал дайын».
Олар өзара қырықпышақ болып жатқанда оқушыларға енді шағым келтірсеңдер шаштарыңды жұламын деген хатпенен Рысбаева ханым қорқынышты смс-тер жолдап жатқан көрінеді. Осыдан қорыққан ата-аналардың алды ұл-қызын өзге білім ордаларына жіберіп жатыр. Бірақ, ата-аналар әділдік орнамай тыншымаймыз деп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MZakfvh_iRw[/youtube]