Тасқынның соңы қылмыстық іске ұласты. Сарыағаш ауданында орын алған су тасқынына өткен жылы салынған өткелдердің сапасыздығы себеп болуы мүмкін. Арнайы тексеру жүргізген аудан прокурорлары осындай қортындыға келіп отыр. Қазірдің өзінде Жылға ауыл әкімшілігінде су бөгеттерін салған мердігер мен бірқатар лауазымды қызметкерлердің үстінен мемлекеттің қаржысын аса ірі көлемде жымқырған деген баппен қылмыстық іс қозғалды.
Бес мыңға тарта тұрғыны бар Жылға ауылы өткен жылы да тасқын судан зардап шеккен. Осыдан кейін жергілікті билік ауыл маңынан мына секілді жаңадан он үш өткел салған. Алайда мұндағы құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілгендіктен су арнасынан асып, елді мекенді шайып кетті. Салдарынан Жылға ауылдың округіне қарасты төрт бірдей елді мекен топан судан зардап шекті. Содан кейін бөгеттердің құрылысына тексеру жүргізген прокурорлар, бірқатар былықтың бетін ашты. Мемлекеттен 13 өткелдің құрылысына бөлінген 40 млн. теңгеден астам қаржының мақсатсыз жұмсалғанын, тіпті талан таражға түскенін анықтапты.
Балабек АСАНБЕКОВ, Сарыағаш ауданы прокурорының аға көмекшісі: «Ол жерде арматура және сеткалар мүлдем қойылмағаны анықталды. Одан бөлек мынау құйылған бетондардың обьемі дейді, көлемінің жарты елу пайызы мүлдем құйылмаған. Одан бөлек әрбір бетонның қалдықтары отыз санитиметр болу керек болса, тексеру барысында 4-5 см қалғаны орын алғаны анықталды».
Мұндай кемшіліктер барлық өткелдерден табылған. Осылайша мердігер 13 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеп қалыпты. Қазір жұмысты атқарған «Ынтымақ-ТС» ЖШС-мен инижиниринг қызметтерін көрсетуші серіктестігінің, сондай-ақ тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастықтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аса ірі мөлшердегі мемлекет қаржысын талан таражға салынғаны дәлелденсе, олар жеті жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал апаттан аман қалған Қарақалпақ ауылының тұрғындары біртіндеп ес жия бастады.
Тұрсын ҚАЛЫҚҰЛОВ, Қарақалпақ ауылының биі: «Негізінде тоғыз үй ғой. Соның бесеуінің тамы істен шығып қалды. Екі үй құлады. Үш үй жарамсыз болып тұр. Қалған төрт үй ағымдағы ремонт болайын деп тұр».
Жылға ауыл әкімдігіне қарасты төрт бірдей елді мекенге су тасқынынан 59 млн. теңге шығын келген шығын. Оның бірқатары қайырымдылық қор есебінен қайтарылды. Шығын болған мал басына және жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарға қаражат бөлу қарастырылуда
Бауыржан САПАРБАЕВ, Жылға ауылының әкімі: «Бүгінгі таңда екі құлаған үйге жәрдемдер берілді. Біреуіне 2 млн 800 мың. Екіншісіне 3 млн 400 мыңдай қаражаты бөлініп, оларға жәрдем қаражаты беріліп жатыр. Кейінгі бөлініп жатқандары мынау өздерінің есепшоттарына аударылып, тікелей өздерінің қолдарына беріледі».
Бұдан бөлек еңіс жерде орналасқан үйлер басқа жаққа көшірілетін болды. Жергілікті билік ауыл маңындағы 11 шақырымнан асатын арық атыздарды тазалауда. Ол үшін үкіметтен бірінші кезеңге 850 млн, теңгедей қаражат қарастырылған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dCIWqoxe6C8[/youtube]