Халық көрмеген әкімінің жұмысына қанағаттанбады

322
Тұрғындар құр сөзге қанағаттанбады

«Біз Аралдын арғы жағында қалдық! Өмірі көрмеген әкімнің жұмысына қалай баға береміз?» деген «Тұрлан», «Ынтымақ», «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындары құрғақ сөз баяндамаға қанағаттанбайтынын білдірді. Атқарған тірлігіне халық алдында есеп беруге келген Шымкеннттегі Абай ауданының әкімі Жамбыл Байғоновқа тұрғындардың сан алуан сұрақтары қордаланып қалыпты.

 

Абай ауданы  әкімі Жамбыл Байғонов
Абай ауданы әкімі Жамбыл Байғонов

Осылайша 40 минут қағаздан бас алмаған аудан әкімі Жамбыл Байғоновтың баяндамасы аяқталғанша халық әзер шыдаса керек. Әкім сөзін аяқтағаны сол екен, жұрт сұрақтарын жаудырды.

Ал есік алдында кезекшілікте тұрған әкімдік өкілдері әуелгіде халыққа жақ аштырмауға тырысты. Қордаланған коммуналдық мәселелерді ортаға салып, ойын айтуға келген Нәлікүл Ақылбекова болса, жиынға әрең кірдім деп ызаланды.

Нәлікүл Ақылбекова, «Ынтымақ» шағынауданының тұрғыны: «Проблемаларымды  айтамын деп келсем, кіргізбейді. Сосын журналистерге айтып, быт-шыттарынды шығарымын деп жүріп әрең кірдім. Хабарламады да ғой, есеп болады деп. Оның үстіне жарығымыз жекеменшік, телефонымыз да кабельді емес. Жолымыз жоқ. Қанша рет бардық арызданып, қабылдамады. Бірінші рет көріп тұрған әкімге қалай баға береміз, құр сөз керек емес».

Жарық және жолдың жырын алға тартқан тұрғын аудан әкімінің алдына да талай барғанымен, кіре алмағанын да жасырмайды. Әкімнің есеп беру жиынына келген жұрт айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отаудың кебін киген жайымызбен етене таныспай, мәселеге қанықпай, қалай баяндама жасауға болады деп те ашынды.

Тұрғындар құр сөзге қанағаттанбады
Тұрғындар құр сөзге қанағаттанбады

Салмаханбет Мүшелбаев, «Ынтымақ» шағынауданының тұрғыны: «Біз ешкімнің есебіне кірмейміз. Газет-журнал, теледидар да бәрі жақсы. Ал бірақ бізде жаман. Сайлау кезде есепте бармыз, қаланың тұрғынымыз. Ал проблемамызға келгенде ешкім бізді тыңдағысы келмейді. Бізде жол жоқ, қоғамдық көлік аз, жарыққа жармыз».

Өзекті сауалдардың жауабын әкім емес, орынбасары беріп жатты.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары:»Ынтымақ шағынауданына жарық биылғы жылы беріледі. Трансформатор орнатуға бел буып отырмыз. Өйткені «Оңтүстік жарық» ескіні қабылдамайды. Сол себепті жұмыстар жасалып жатыр».

Осылайша Тұрландағы 18 көшенің өткен жылы 3-еуіне асфальт төселіп, екі-үш аулаға балалар алаңшасын орнатқанын баяндап келген аудан әкімі тұрғындардың өкпе-назын арқалап қайтты. Барлығына керегі құрғақ сөз емес, ертерек жол, қоғамдық көлік, ауызсу, жарық, көгілдір отын проблемасын шешіп, қосуға көмектесу. Қала шетінде орналасса да, 21-ғасырдың азаматтары ретінде лайықты өмір сүрігісі келеді олардың да.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4dTwgRQLJc4[/youtube]