Жұмысшылар жалақыны жарытпады деп наразылықтарын бiлдiрдi. Олар қаңтар айында 200 сағатқа дейiн жұмыс iстедік, бірақ жалақыны аямай қысқартып тастапты деп наразылық білдірді. Ол аздай өндірістік жарақат алғандарға көк тиын да төленбеген. Дәрі-дәрмек шығаратын ірі кәсіпорынның еңбеккерлері мұның бәрі зауытқа жаңа басшы келгенде басталды дейді.
Осыдан 2 жыл бұрын Польшаның «Польфарма» халықаралық фармацевтика тобы елiмiздiң iрi дәрi шығаратын өндiрiс орнына 85 миллион доллар инвестиция құйған еді. Сол кезде жұмысшылар жағдайымыз жақсарады деп бөркiн аспанға атып қуанған еді. Әрине польшалықтарда пәрменділік танытып сол кезде уәдені үйіп-төккен еді.
Бірақ біліктілікті арттырып, оқытпақ түгілі осыған дейін алып келген айлығымыды армандап қалдық дейді еңбеккерлер. Өткен айдың қазаны мен қарашасында жұмысшыларын жалақыға жарытпаған басшылық қаңтарда тағы да қаражаттан қысыпты.
Еңбеккерлердің наразылығына байланысты бүгін зауытта жабық түрде жиналыс өтті. Ал компания өкілдері осы мәселеге қатысты сұхбат бермек түгілі тілшілерді маңына да жуытпады.
Мұнда тіпті өндірістік жарақаттарда жиі болатын көрінеді. Алайда зауыт басшылығы бұған да көз жұма қарайтын көрінеді.
Жиыннан шыққандар кезекті уәдеге тойып шықтық деп отыр. Зауыт жетекшілері уақытша келеңсіздіктікке түсіністікпен қарауды сұрапты. Ал наразылықтан кейін өткізілген жиыннан кейін облыстық еңбек инспекторы арнайы тексеру жүргіземіз деп отыр.
Зауыт басшылығы жабық жиналыста жұмысшыларға наурыз айында жалақы мәселесін ретке келтіреміз деп уәде беріпті. Олай етпесе еңбеккерлер заң жүзінде жоғарғы инстанцияларға шағымданамыз деп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_a4yl-fuh18[/youtube]