Жол полицейлерінің ісі сотта қаралуда

187
Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының отырысы, 1 ақпан 2013 жыл
Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының отырысы, 1 ақпан 2013 жыл

Жол полицейлері тағы да сыналды. Өткен жылы көтерілген 104 істің басым бөлігі тәртіп сақшыларының хаттамаларды дұрыс толтырмауының кесірінен сотқа жетпей, аяқсыз қалыпты. Мұндай мәліметтер қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың отырысында айтылды. Анық болғандай, соттың қарауына түсіп жатқан істер күн санап артып келеді. 2012 жылы да жеті мыңнан астам іс қаралып, олардың саны 2 есеге көбейген. Бұл істердің арасында ақша бермегені үшін ата-анасын ұрып-соққандар да бар.

Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны, кәмелетке енді ғана толған жас жігіт ата-анасын мас күйінде келіп ұрып-соққан. Себеп, сұраған соммадағы ақшаны әке-шешесі бермегендіктен болып отыр. Бауыр еті баласына анасы шағымданған. Өйткені, бұл алғашқы оқиға емес екен. Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты жігітті 30 тәулікке қамау жайында үкім шығарған.

Айта кету керек, мем­лекет пайдасына 204 млн. айыппұл өндірілді. Ал мас күйінде көлік айдаған жүргізушілердің қатары 2011 жылмен салыстырғанда біршама кеміген. Дегенмен, 693 азамат жол апатына себепкер болғаны үшін жазаға кесілді. Бұл да аз көрсеткіш емес.