Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші көз жұмды

268

(Видеодан кадр)

Шымкентте Mercedes-Benz пен  Daewoo Nexia көліктері соқтығысып, бір жүргізуші қайтыс болды. Екінші көлікті тізгіндеген адам жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жантүршігерлік жол апаты 23 сәуірде күндізгі уақытта Жиделібайсын көшесінде болған.

«Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жүргізушілердің бірі (алдын ала мәлімет бойынша Мерседес тізгіндеген) алдындағы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан басқа көлікке соқтығысқан.

Mercedes-Benz көлігінің 26 жастағы жүргізушісі ауруханаға шұғыл жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал Nexia көлігін тізгіндеген 49 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Екі көлік те айыптұрғанына қойылды.