600 шақырымдық жолды жөндеуге қазынадан 13 млрд. теңге бөлініп отыр
600 шақырымдық жолды жөндеуге қазынадан 13 млрд. теңге бөлініп отыр
600 шақырымдық жолды жөндеуге қазынадан 13 млрд. теңге бөлініп отыр

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаев облыстық маңыздағы жолдардың жөнделуі жөнінен Оңтүстік бірінші орында деді. Айтуынша, биыл тағы да 600 шақырымдық жол түрлі дәрежедегі жөндеуден өтпек. Былтыр облыстық маңыздағы 1400 шақырым жол жөнделіпті.

Бұл республикалық маңыздағы Шымкент-Алматы бағытындағы тас жол. Ойдым-ойдым шұқырларды терген теміртұлпарлар мен жүк көліктерінің жүрісі мынау. Салдарынан апат көбейіп жатыр дейді. Жолдың жырын жүргізушілерден артық кім білген.

«Түлкібасқа баратын жол тіпті жаман. Сарыағаш, Мақтаралға баратын жолдың жыры өз алдына бір төбе. Қысқасы, Қызылордаға дейінгі жолдың басым бөлігі ойдым-ойдым. Шұрық тесік» – апта сайын облыс асып, нәпәқа табатын ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Марат ағай.

Бірақ жүргізушілердің бұл сөзімен Әбілсейіт Рабаев келіспейді. Облыста түрлі дәрежедегі 15 мың шақырымдық жол болса, соның 60 пайызында жеңіл жүйткуге мүмкіндік бар. Бұл жақсы нәтиже екен. Ал жөндеуді қажет ететін 6 мың шақырымдық жол жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жүзеге аспақ. Биылғы меже Сарыағаш-Монтайтас, Шымкент-Ақсукент және Шымкент-Леңгір бағытындағы жолдауды реконструкциялау.

Бұл дегені тақтайдй тегіс жолды әлі күтесіз. Жүргізушілер күтуін күтеді, бірақ біздің мамандар сапаға назар аудармайды деп отыр. Бір жауынан соң шұрық тесік боп бітеді дейді.

Жағымды жаңалықтың тағы бірі осы жылы Жетісай-Шардара бағытындағы Арнасай жолы салынбақ. Ал Күрделі жөндеуге Көксарай су реттігішінің маңындағы 5 жол ілігеді. Қысқасын айтқанда, 2012 жылы 600 шақырым жол жөнделмек. Ол үшін қазынадан 13 млрд-тан астам қаржы қаралған.

Осы орайда, аталған басқарманың өткен жыл бойынша жылдық есебін беруді жөн көрдік.

Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

салалары бойынша атқарылған жұмыстар

 Автомобиль жолдары саласы

Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары 6411,3 шақырым құраса. Оның ішінде: 4330,3 шақырымы облыстық маңызы бар және 2081 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Ал, елді мекен көшелері 8544,6 шақырымды құрайды.

2009-2012 жылдары аралығында жол саласына 66,44 млрд. теңге бөлініп, 5163,9 шақырым жол және 53 көпір құрылыс, қайта жаңарту және жөндеуден өтті.

Осы атқарылған жұмыстандың арқасында 2012 жылғы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық пайдалану жағдайы 2009 жылмен салыстырғанда қанағатты жағдайдағы 45 пайыздан 64 пайызға өсті.

2012 жылы облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс, күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 21 052,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 1 429,6 шақырым автожол құрылыс және жөндеуден, 6 көпір және 1 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы, 1 көпір күрделі, 6 көпір және 64 құбыр орташа жөндеуден өткізілді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іске асып жатқан және жоспарлаған нысандарға тоқталып өтсек:

1. Сарыағаш – Жылға – Монтайтас автожолының 30 шақырымын қайта жаңарту жұмыстары 2012 жылы басталған. Бұл жол Сарыағаш пен Мақтарал аудандарының халқы Бадам-Арыс-Шәуілдір елді мекендерінен қарай қашықтықты 82 шақырымға кемітеді.

2. Шымкент-Ленгер автожолының 28 шақырымын қайта жаңарту жұмыстары басталып жатыр.

3. Шымкент – Ақсу – Р/Ж А-2 автожолының 23 шақырымын қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

4. Шымкент қаласының Әл-Фараби көшесін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

5. Шымкент қаласының Төлеметов көшесін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

6. Шымкент қаласының Қапал батыр көшесінің бойындағы темір жол үстінен өткелді қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

7. Шымкент қаласына 5 жер асты жаяу жүргенше құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Жолаушылар көлігі саласы

 Автомобиль көлігімен жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 123847,9 мың тонна жүк және 2148,7 млн. жолаушы тасылып, бұл 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне, тиісінше, 116,3% және 119,4% құрады.

Автомобиль кәсіпорындары 58,5 млн. жолаушы (жалпы автомобильмен тасылған жолаушылардың 4,9 пайыз) тасыды, бұл 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 16 пайыз көп. Жолаушы айналымы 1034,5 млн. жкм құрады және 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 149,9 пайыз құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау бағыттарының жүйесі бүгінгі күнде 418 бағыттан тұрады, олардың ішінде: 134 қалаішілік (89 бағыт Шымкент қаласында), 137 ауданішілік, 147 қалааралық және ауданаралық бағыттар.

Облыс тұрғындарына жолаушылар көлігімен қызмет көрсету қызметін 61 жеке тұлғадағы тасымалдаушылар жүзеге асырады. Облыс аумағында 32 автовокзал мен автобекеттер тізілімге енгізілген, оның ішінде 5 автовокзал мен 1 автобекет Шымкент қаласында орналасқан.

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 113 млн теңге бөлініп, 4 жаңа бағдаршам, 19 информациялық қалқандар, 8 активті жаяу жүргіншілер жол белгілері, 384 бөлінетін иілгіш бағаналар, 18 жаяу жүргіншілер өткеліне светомодульдер, 11 жерде 150 жасанды кедергілер, 180 шаршы метр шуылдайтын жолақтар орнатылды.

Облыстағы әлеуметтік маңызы бар «Шымкент – Түркістан» (аптасына 3 рет) және «Шымкент – Сарыағаш» (аптасына 5 рет) поездарының 2012 жылғы шығынын субсидиялауға 134,326 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. 2012 жылғы 6 шілдеден бастап «Шымкент – Түркістан» бағытына республикада бірінші рет құны 6,6 млн. АҚШ доллары тұратын рельстік автобус жіберілді. 2013 жылдың 1 ақпаннан бастап аталған поезд аптасына 5 рет жүретін жоспарлануда.

Ақпараттық технологиялар саласы

Қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша:

Аталған бағытта Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты жыл басынан бері ауқымды жұмыстар атқаруда. 2012 жылдың маусым айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметі бойынша өтініштер тек ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр. Нәтижесі – құжаттардың мерзімін бұзу фактілері жойылды.

Бұдан өзге 2012 жылы «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесінің облыстық 3-басқармаға, Шымкент қалалық мұрағатына, Шымкент қаласының 4 дербес бөліміне орнатылып, аталған жүйе «Электронды үкімет» порталымен ықпалдастырылып, автоматтандырылған келесі 6 қызмет көрсетіледі:

– мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу;

– мұрағаттық анықтамалар беру;

– жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;

– үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу;

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

– облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу мемлекеттік қызметтері.

Е-әкімдік жобасы аясында, «Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» автоматтандырылған мемлекеттік қызметі де енгізілді.

Жоспар – кестеге сәйкес электрондық мемлекеттік қызметтерді және электрондық цифрлық қолтаңбаларды алуға халықты үйрету бойынша Шымкент, Түркістан, Арыс қалалары және Мақтарал ауданында оқу-семинарлары ағымдағы жылдың маусым айынан жүргізілді.

Е-лицензия ақпараттық жүйесі облыстың лицензия беруге құзіретті басқармаларына орнатылып, 2012 жылдың 1 сәуірінен лицензияларды тек электронды түрде берілуде.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында «Мемлекеттік Органдардың Интранет Порталы» жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде НҚА келісімдеу үрдістерін және оларды орындау бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуына ықпал етеді.

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық технологияларды одан әрі дамыту, жаңа жүйелерді енгізу жұмыстары жоспарлануда.