Әз-Наурызда төлебиліктер де бір жасап қалды

Тұрғындар болса ұлы мерекенің тамырына қан жүгірткендерге риза
Тұрғындар болса ұлы мерекенің тамырына қан жүгірткендерге риза
Тұрғындар болса ұлы мерекенің тамырына қан жүгірткендерге риза

Ұлыстың ұлы күнін Төлеби ауданының тұрғындары да ерекше тойлады. Әсіресе, ондағы Қайнар ауылының жұрты үшін 22-наурыздың орны бөлек. Ауылдағы ағайын бір-бірімен көрісті, балғындардың тұсауын кесті. Сөйтіп, әз-Наурызда думандатып, бір жасап қалды. Қайнарлықтарға мұндай тойды ұйымдастырып берген осы елдімекеннен шыққан түлектер екен.

Татулығы жарасқан Қайнарлықтар ұлы күн де өзінен кейінгіге үлгі көрсетіп, мерекенің сәнін ашты. Оларға мұндай думанды тойды сыйлаған жергілікті жердің ынтымағы жарасқан ерлері.

Аға буын өкілдері осы күні ұмат қалған салт дәстүрлер туралы айтса, үлкеннен өнеге алған саналы ұрпақ оларға ән салып, би билеп, көңілін көтерді.

Бұл мектеп түлектерінің ауылдықтарға жасаған алғашқы сыйы емес. Алтыншы жыл қатарынан Наурызды ұйымдастырып келеді. Тұрғындар болса ұлы мерекенің тамырына қан жүгірткендерге риза. Әрі ортақ тойды тойлау үшін әрбір үйден қаржы шығарып, әуре-сарсаңға түспейміз дейді.

Қайнар ауылында бұл күндері 6 ұлттың өкілінен құралған 1,5 мың халық тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олар жаңа жылды қалай қарсы алсаң, несібең де соған сай келеді деген сенімді ұстанады. Осылайша, Әз-Наурызды аста-төк дастархан, дархан жүрекпен қарсы алған ауылдағы ағайынның тойы мұнан соң көкпар ойынына жалғасты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JDLsFlkVpmQ[/youtube]