«Қасірет қақпаны» торуылдап жүр

746
"Қасірет қақпаны" спектакльі

«Қасірет қақпаны». Өңіріміздегі Жұмат Шанин атындағы қазақ драма-театрында осылай 

"Қасірет қақпанына" түскен бозбала тағдыры көпке терең ой салды
«Қасірет қақпанына» түскен бозбала тағдыры көпке терең ой салды

аталған спектакльдың премьерасы өтті. Жазушы , халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығының лауреаты Ерсін Қойбағарұлының трагедиялық қойлымында ғасыр дерті-нашақорлықтың соңы қараңғылық екені ашық көрініс тапқан.

Оқиға желісі бойынша, бозбала – мектептің белсенді, білімге құштар шәкірті. Спортты сүйеді. Бірақ дәл осы жарқын өмірін сора, яғни есірткі қараңғы қапасқа айналдырды. Алғашында жәй ғана қызығушылық деп ойлағанмен, соңында нағыз нашақордың өзі болды.

Сержан Құттыбаев, әртіс: «Мен бұл рөл арқылы мынау отырған көпшілікке талай сырды ұқтырдым деп ойлаймын. Себебі, өрімдей ғана жас жігіттің өмірін күл-талқан еткен сол бір сораның кері жолға апаратынын қойдық. Бар өнерімді салып, есірткі қолданудың қандай жағдайға, қандай қасіретке әкелетінін де көрсеттік. Автордың ойындағы сезімді сезіндірдік деген ойдамын. Әрине, егер біздің мынау жастарға осы қойылым арқылы  қандай да бір берген жақсы тәрбиеміз болса біз үшін бұл үлкен қуаныш дер едім. Сондықтан бұл «Қасірет қақпаны» бүгінгі күннің үлкен сұранысына ие екені анық».

Сержан Құттыбаев бозбала рөлі арқылы есіркінің әкелген қасіретін ұқтырдым дейді
Сержан Құттыбаев бозбала рөлі арқылы есірткінің әкелген қасіретін ұқтырдым дейді

Адам баласы қанша жерден қарсылық танытса да , бір рет тұтынған анаша өзіне тәуелді етеді. Адамдық қалыптан айырады. Бағындырып алады осылай. Бозбала есалаңға айналды, қол көтерді өз анасына. Есірткі сатып алу үшін қылмыс жасауға барды. Нәтижесінде, темірторға қамалды. Бірақ бәрі де кеш.

Айдархан Боранбаев мұндай спектакльдер мен түсіндірме шаралар қазіргі қоғамға ауадай қажет дейді
Айдархан Боранбаев мұндай спектакльдер мен түсіндірме шаралар қазіргі қоғамға ауадай қажет дейді

Айдархан Боранбаев, көрермен: «Бұндай спектакль дәл қазіргі қоғамға ауадай қажет. Себебі біздің достарымыз, мынау жастар осындай есірткінің етегінде кетіп, өмірлерін қараңғылыққа айналдырып жатыр. Кейбірі алдаудың құрбаны, кейбірі құмарлыққа ерік береді. Нәтижесінде өзінің өмірінен, болашағынан айырылады. Жасырмаймыз, қазіргі замандастарымыз тіпті есірткі дегеннің не екенін білмей тұтынады. Білімсіздіктің арқасында өз өміріне өзі балта шабады. Бұны қоя тұрып, қарапайым ішімдік пен темекінің құрамын жақсы білмейді ғой. Салдарынан өз денсаулығынан айырылып, өмірлік өкінішке тап болады. Сондықтан осындай спектакльдер қатарын көбейту қажет деп ойлаймын».

Мейрамкүл Бектөреева, көрермен: «Автордың ойы анық байқалады. Кенже баламды ертіп келіп отырмын. Көзімізге жас алып, тамашалап отырмыз. Не деген қасірет! Не деген қайғы!Айрандай ұйып отырған отбасының шаңырағын шайқалтып, үздік мектеп оқушысын қылмыскерге айналдырған есірткінің зиянын балам да көріп отыр. Енді ол нашақорлар дегеннің кімдер екенін, апиын дегеннің не екенін біледі. Сондықтан ең алдымен авторға, мынау әртістерге алғысымды білдіргім келеді!».

Трагедиялық қойылым соңында, зар илеп жалғыз баласының адасқанына куә болған ана есінен адасады.