Қызметін 20 мың теңгеге бағалаған майор ұсталды

185
20 мың теңгемен ұсталған
20 мың теңгемен ұсталған
20 мың теңгемен ұсталған

Шымкент қаласында ішкі істер министрлігі жол полиция басқармасы іздестіру бөлімінің инспекторы, полиция майоры пара алу үстінде қолға түсті. Ол өзінің «қызметін» 20 мың теңгеге бағалаған.

Қазір майор алаяқтық әрекеттері үшін айыпталуда. Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тәртіп сақшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, облыс тұрғынын алдап-арбаған.

Шенді азамат оған жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатуға уәде еткен. Бірақ істің материалдары іздестіру бөлімінің басқа инспекторында болған.

Майорға қатысты Қылмыстық Кодекстің 177 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ол соттың санкциясымен қамауға алынды.