Қызылжарлықтар құдықтан су ішіп отыр

331
құдықтан су ішіп отыр
 құдықтан су ішіп отыр
құдықтан су ішіп отыр

Абай ауданына қарасты  Қызылжар елдімекеніндегі  «Новостройка»-ның   тұрғындары жергілікті билікке өкпесін айтуда.  Қызығы сол, таза су көшенің басында бар соңында жоқ. Қазір  мыңнан аса отбасы су орнына у ішіп отырмыз дейді.

Халықтың бұл проблеманы айтып жүргеніне 5 жылдан асты. Алайда нәтиже жоқ. Басында «жаңа құрылыс» аймағы деп өздерін жұбатқан еді. Табиғи газ бен жарық проблемасы қосылған кезде шыдамы таусылған.

Салдарынан көшенің де тас талқаны шығып кеткен. Батпақтан аяқ алып жүргісіз. Жергілікті билік өкілдерінің аяғы лайға батпасын деп, су мен газ жөнінде түсініктеме алуға өзіміз бардық. Бірақ олар енді ғана тұрғындарды сумен қамтуға қаржы сұрап мәслихатқа сұрау салыпты.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Жаңа құрылыс бойынша 2012 жылы 8 жарым млн ЖСҚ -ға сұралуда. 2600 үйге. Жобаны СК Проект ЖШС дайындауда. Ал газға қатысты өткен жылы 960 млн бөлініп, былтыр 300 млн қаржы игерілді. Биыл толық аяқтайды. Ал светке қатысты «Аллегиум Әлектрик» ЖШС  ЖСҚ дайындауда, екінші тоқсанда дайын болса, қаржы бөлуге тапсырыс  беріледі».

Бірақ жол проблемасы жақын арада шешілмейді. Аудан әкімдігі 23 көшеге асфальт, 12 көше жолына тас төсемек. Тізімде Пайзахметов көшесі жоқ болып шықты. Бұған ашуланған тұрғындар енді билік өкілдерін Қызылжарда тұруға арнайы шақырмақшы.