Алты адамды атып тастады. Түлкібас ауданына қарасты Балықты ауылынан бүгін бір емес, 4 адамның жаназасы шықты. Көршілерінің алдап-арбауынан мезі болып, көп шығынға батқан тұрғын Құдайы көршісін атып тастаған. Қолына қару ұстаған 43 жастағы азамат соңынан өзін де жазым етіпті.
Қадыровтардың отбасын ауыр қайғы 3 ер азаматтан айырды. Түнгі төрт шамасында шөп өртенді деген қауіппен тысқа шыққан 12 және 19 жастағы жасөспірімддер ажалының дәл сол сәтте келерін білген жоқ еді. Екі немересінен қапыда айрылған Мамош Қадыров енді жансақтау бөлімінде жатқан ұлының тілеуін тілемеске амалы жоқ.
Қадыровтардың отбасын айран асыр еткен Құдайы көрші болып шықты. 43 жастағы Баққали Қасабаев мұндай іске қасақана барса керек. Ол өртеген шөп, жолына кезігіп, кедергі келтірмекке әрекеттенген зейнеткерді оққа ұшыруы осыны айғақтайды. Жәбірленушідлерзің айтуынша, көршісі бұл отбасын жыл бойы қоқан лоққы көрсетіп, ақша талап етіп отырған.
Көрші үйде де қайғылы жағдай. Мұнда 3 адамның және өзінің өліміне себепші болған азаматтың жаназасы шығып жатыр. Екі балалы Баққали Қасабаев әйелімен бірге көп жылдан бері қаржы жағынан қысылып келеді екен. Айтуларынша, алғашында оларды туысқандары үйінен айырса, кейіннен жұмыс берушісі жалақысын бермей қинапты.
Бір қызығы, Баққали Қасабаевтың бұл қылмысын ешкім айыптамайды. Өйткені, азамат мұндай жағдайға әділсіздікке күйіп кетткеннен барып отыр дейді. «Ал, оқ атқан күдіктінің денесін ауыл сыртындағы өзен жағасынан тапты»,-дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Алдын ала болжамдар бойынша, қанды оқиғаның басты себебі ұзақ жылдар бойына дауға айналған жер телімі болуы мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hHc9iRZleYg[/youtube]