Қаланың қақ ортасында тұрғанымызбен хәліміз ауылдағыдан жаман. Абай ауданына қарасты бірнеше көшенің тұрғындары жергілікті биліктің құлықсыздығына өкпелі. Айтуларынша, қырық жамау болған көшелерге 20 жылдан бері жөндеу жасалмаған.
Жұмыс күнінде ісінен қалып, жиналған бірнеше көшенің тұрғындарын ортақ проблема түйістірді. Бақандай 20 жылдан бері қаланың қақ ортасында тұрып келе жатқан тұрғындар үйлеріне жету үшін батпаққа батпандауына мәжбүр.
Сөз болып отырған Павлов көшесі Шымкенттің орталығынан орын тепкен. Көшенің бойында спорт және жалпы білім беру мектептері, Абай аудандық ішкі істер бөлімі мен сот және әділет мекемесі бар. Алайда, көшенің қазіргі ахуалы шенеуніктерді қызықтырмайтын секілді.
Қаланың коммуналды шаруашылық бөлімі бұл проблеманы біледі. Және бұл мәселе жақында шешіледі дейді. Сондай-ақ, мамандар көшеге қауіпсіздік жол белгілері де қойылып, ретке келеді деп уәде берді.
Тұрғындардың жанайқайына көңіл бөліне ме, жоқ па, әлде берілген уәде айтылған жерінде қала ма?! Оның екі айдан соң білетін боламыз.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CpsDTRhR30Y[/youtube]