Аппеляция ақтамады

Мадияр 2012 жылдың қыркүйек айында қаза болды
Мадияр 2012 жылдың қыркүйек айында қаза болды
Мадияр 2012 жылдың қыркүйек айында қаза болды

Шымкентте оқушыны өлтіргені үшін сотталған 17 жастағы жігітті қатаң режимде соттау талабы орындалған жоқ. Айыпталушы бұрынғы жазасы бойынша 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру үкімімен қалдырылды. Өйткені, сотталушыны одан да ұзақ мерзімге темірторға жабуға негіз жоқ деді сотта төрелік еткен судья Ыбырай Матибаев. Ал жалғыз ұлынан айрылған тарап мұнымен келіспейді. Бұл үкім бойынша жазасын алатын болса, Елбасының рақымшылық заңына ілігіп, бір жылдан соң бостандыққа шығып кетеді деп зар илейді.

Еске салайық, қаңтар айында бір отбасының жалғыз баласы Мадияр Шүкірді пышақтап өлтірген 17 жастағы студенттің 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айрылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Айыпты жігіт, 1 қыркүйек күні мектептен қайтып бара жатқан оқушыны алдымен сабап, сосын пышақтап кеткен еді.

Қазір ғана аяқталған отырыста соттың шешімімен жәбірленуші тарап тағы да келіспейміз деп отыр. Олар енді әділдіктің орнауы үшін барлық құзырлы орындарға шағымданбақ.