Бағдаршамның жоғының салдарынан үйіміздің дәл алдында жол-көлік оқиғаларының тым көбейіп кетті. Шымкенттегі Майлы қожа және Қаражан Әбләзімов көшесі тұрғындары осылай деп шығамданды.
Тал түсте мұнда тағы да жол апаты болды. Көше қиылысында «Дэу Леганза» және Фольксваген Пассат көліктері соқтығысып қалды.
Куәлердің айтуынша, «Дэу» көлігі басты жолмен келе жатқан. Ал Пассат қосымша жолдан шыққан. Салдарынан, біріне-бірі жол бермеген екі көлік қақтығысып, бір бүйірі қатты мыжылған Пассаттың жүргізушісі жарақат алды.
Оны жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті. Ал көліктің ішінде болған жолаушы басынан жарақат алғанымен, ауруханаға барудан өз еркімен бас тартты.
Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері де келді. Қазіргі таңда жол апатына кімнің кәнілі екені анықталып жатыр. Ал тұрғындар қашан бағдаршам орнатылғанша біз де жапа шегеміз бе деп жандарын шүберкке түйіп отыр.
Осында тұратын қарт кісілердің айтуынша, дәл осы маңда жол апаты жиі орын алатын көрінеді. Соның салдарынан ата-аналар оқушы балаларын сабаққа жалғыз жіберуден де қорқады.