Ұлтжанды азаматтар латын әліпбиін қолдайды. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігі бүгін жаңа әлипбиге Қазақ елінің өтуі туралы зиялы қауыммен ой бөлісті. Жиылғандар латын әлипбиіне өту — бұл ғылым мен техниканың тілін меңгеру. Әрі талай жылғы Ресей ықпалынан ажырауға бірден-бір мүмкіндік десті.
Еске сала өтейік, Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы» бойынша, Тәуелсіз Қазақстан 2025 жылдан бастап латын қәріптерімен хат танып, жаза алуы тиіс. Ал бүгінгі ұлт жанашырлары жаңа қәріпті одан да ертерек қолданысқа енгізуді ұсынды. Зиялылар тақырыпқа қатысты проблеманың бар екенін де жасырмады.
Бегман ЫСҚАҚ, профессор: «Қазақтардың 60 пайызы балаларын қазір орыс мектебіне беріп жатыр. Өйткені, байлардың балалары орыс мектебіне барады. Делегаттардың балалары да. Сондықтан орыс мектебінен жарқын болашақ күтеді. Егер олар орысша кириллицамен жүретін болса, ауылдағы қазақтардың барлығы латын әліпбиіне көшетін болсақ, Қазақ екіге бөлінеді. Сондықтан Қазақстан латын әліпбиіне көшсе, бүкіл жүйені, яғни мектептердің барлығын, білім мекемелерінің барлығын бірге көшіру керек».
Айта өтейік, қарға тамырлы қазақ өз шежіресінде 4 түрлі әліпбиді бастап өткеріпті. Оның алғашқысы сына жазуы болса, екіншісі 7 ғасырлардағы араб әліпбиі яғни төте жазу. 1929 жылдары қазақ қоғамы қазіргі өтпек «латын қарпінде» хат таныса, 40 жылдардан бастап «кириллицамен» жазу жазған.