Дәріхана бизнесінде пайда көп пе?

дәріхана ашу бизнесі
Хадиша
Хадиша Әлжанова, ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйым қауымдастығының директоры

Дәріхананы қалай ашуға болады? Және бұл кәсіптің пайдасы қаншалықты? Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында осындай тақырыпта семинар болып өтті. Облыстың түрлі аудандарынан жиналған кәсіпкерлер фармацевт мамандармен аталған сала бойынша кеңес алысты. Олар дәріхана бизнесінен пайда көп пе, оны ашу үшін қаржыны қайдан алуға болатынын ақылдасты.

Дәріхана кәсібінің қыр-сыры жайлы фармацевтикалық және медициналық ұйым қауымдастығының директоры Хадиша Әлжанова кеңінен әңгімеледі. Бұл бизнестің қызмет көрсетудегі сырлары мен клиенттердің деңгейі, қызмет көрсету мәдениеті, тауар түрлері, қысқасы, кәсіпкерге керекті барлық мағлұматты директордың өзі түсіндірді.

Мұндай басқосулар облыстың өзге де аудандарында болатын болады. Дәріхана кәсібін ашуға ниеттілер толығырақ мағлұматты Назарбаев университетіндегі оқыту курсынан біле алады. Ал бұдан соң іске кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы араласып, қажетті құжаттарды дайындауға көмек береді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q-JNKeWuInk[/youtube]