Екпеден соң салға айналды

Мирас ӘЛАЙДАР
Мирас ӘЛАЙДАР
Мирас ӘЛАЙДАР

Қатерге апаратын екпе! Сарыағаш ауданының тұрғыны 5 жасар Мирас Әлайдар кәдуілгі
ине шаншудан соң мүгедекке айналды. Ессіз күйге түскен балақай қазір отырып-тұра алмайды. Тіпті сөйлеу мүмкіндігінен де айрылған. Ақ халаттыларға зығырданы қайнаған ата-аналар болса, балам екпеден кейін сал болып қалды дейді. Олардың күдігін тіпті, өзбекстандық дәрігерлер де растап отыр. Бірақ қазақстандық мамандар бала туылғанда-ақ өте әлсіз еді. Церебральді мүгедектікке оның ұшырауы сондықтан бет бақтырмайды.

Мирас Әлайдардың жасы 5-те болса да, ол әлі күнге отырып-тұра алмайды. Тіпті, сөйлеуден де мақұрым. Ол туылғанда бәрі де жақсы еді, тек 3 айлық кезінде жасалған профилактикалық екпе оны осы күйге түсірген болуы мүмкін. Өйткені, қарапайым екпеден соң баланың дене қызуы күрт көтеріліп, ессіз күйге түседі.

Ата-ана дәрігерлер шығарған қорытындыға сенбей Мирасты Ташкентке алып барады. Өзбек дәрігерлері баланың есін жиғызып, оның екпеден кейін осындай хәлге түсті деген күдігін растайды. Вакцина оның ағзасын әлсіретіп, салға ұшырауына себеп болған деген тұжырым шығарады.

Мирастың ата-аналары баласының мұндай күйін Шарипа Арғынбаевадан көріп отыр. Өйткені, екпені жасаған осы дәрігер. Жеті айлық болып туылған балаға ешқандай дәрі егілмеуі керек болатын. Тіпті, оның шала туылғандығы жайлы медициналық картасында да жазылған. Бірақ дәрігердің айтуынша, Мирасқа екпе жасалар кезде ол сап-сау болып көрініпті.

Шарипа АРҒЫНБАЕВА, дәрігер: «Баланың емуі қалыпты болды. Бөбек бір айлығында да, екі, үш айлығында да, қалыпты салмақта келетін. Салмағы жасына сай әрі ешқандай шағымы жоқ болатын. Мұнан соң біз профилактикалық екпе жасадық».

Болған жайдан соң Шарипа Арғынбаева қатаң сөгіске ұшырап, баланы емдеуге қажетті шығынның бәрін өзі көтеруге міндеттеледі. Бірақ, медбикенің көмегін Исақұловтар әулеті әлі күнге көрген жоқ. Ал Арғынбаеваны қолынан мұндай қателік келмейді дейді оны қолдаушы топ емхана ұжымы. Олар медбикенің білікті маман екенін алға тартады.

Баланы дертінен құлан-таза айыру үшін Түркияға апару керек. Бірақ ондағы ота құны 40 мың доллар көк ақшаны құрайды екен. Алайда, Мирастың ата-аналары баласы үшін барын саудалауға бар. Қазір олар үйі мен көлігін сатылымға қоюды бастады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=76jtGIk0FWY[/youtube]