Көрсеткішін көтеремін деп «көкесін» таныды

281
Полицей сотталды
Полицей сотталды
Полицей сотталды

«Қылмыс ашамын» деп жазықсыз адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлері сотталды. Бәйдібек аудандық соты екі бірдей капитан мен бір лейтенантқа сот үкімін шығарды.

Сотталушылар азаматтарды құқықтары мен мүдделерін аяқ асты етіп, қылмысты ашу бойынша статистикалық есеп көрсеткіштерін көтеру мақсатында жасамаған қылмыстарын мойындауға мәжбүрлеген.Тәртіп сақшылары

оларға қол жұмсап, әртүрлі дәрежеде дене жарақатын салған. Жәбірленушілерді жалған жауап беруге мәжбүрлеп, 200 мың теңге парамен сатып алуға ниеттенген. Сот полиция лейтенантына үш жылға дейін, каптитан шенділерге бір жарым жылдан екі жарымға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оларға жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді. Онымен қоса, сотталушылар шендерінен айырылып, 3 жыл бойына құқық қорғау органында қызмет етуден аластатылды. Алайда, үкім әзірге заңды күшіне енбеген.