Мың отбасыға көмек көрсетілді

333
Жағдайы төмен отбасылардың ризашылығында шек жоқ

 

Оқушылар қайрымдылық акциясын ұйымдастырды
Оқушылар қайрымдылық акциясын ұйымдастырды

Биыл оңтүстік өңірі Наурыз мерекесін өзгеше атап өтуде. Тоғыз күн бойы, тоғыз түрлі атаумен тойлауды ұйғарды. Ауқымды іс-шаралар да өтіп жатыр. Кеше ел болып береке күнін атап өттік. Жағдайы төмен отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Шымкенттік оқушылар арнайы концерт ұйымдастырып, одан түскен қаржыны ауыр дертке шалдыққан Мадияр Ақыновтың ем домына берді.

Мадияр Ақынов №9 мектептің 6-сыныбында оқиды
Мадияр Ақынов №9 мектептің 6-сыныбында оқиды

Мәдияр Ақынов осыған дейін сегіз рет химиотерапиялық ем қабылдаған. Бірақ қатерлі ісікке шалдыққан оның жағдайы жақсарған жоқ. Ал қазақстандық дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалуға қауқарсыз, тек Германиялық мамандар ғана көмек ебер алады. Алайда ата-анасының қалтасы бұл шығынды көтере алмайды. Сондықтан оқушылар барын салып, көмектесуге бел буыпты.

Ақмарал Батырханова, мектеп жастары ассоциациясының президенті: «Біздің жинаған қаржымыз Мадиярдың сауығып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз. Қолдан келгенше шымкенттік оқушылар болып жиналып, осылай көмек көрсетуге бел будық. Үлкендердің барлығын шақырдық».

Сатылым көрмесіне келушілер көп болды
Сатылым көрмесіне келушілер көп болды

Өнерлі оқушылардың өз қолымен жасалған туындылары сатылым көрмесінде үлкен сұранысқа ие болды. Алушылардың қатары қалың, кезек ұзын-сонар. Замандастырың Мәдиярдың денсаулығына алаңдағанына туыстарының да алғысы шексіз.

Жаубасар Ырсымбетов,Мадиярдың атасы: «Немерем Мадиярға осындай көмек беріп жатқандарыңызға рахмет. Баламыз сауығып, арманы орындалса екен. Ол балалар дәрігері болуды армандайды. Әкімшілікке, білім бөліміне мың алғыс».

Мектеп жастары ассоциациясы «Мадиярға қолдау көрсету» акциясы аясында қаржы жинап, қолдау көрсетті. Келушілерге арнап, концертте ұйымдастырды.

1000 отбасыға ұн мен май берілді
1000 отбасыға ұн мен май берілді

Береке күніндегі шаралар мұнымен шектелмеді. Әлеуметтік жағдайы нашар мың отбасыға көмек көрсетілді. Бәріне бірдей ұн мен май таратылды.

Жағдайы төмен отбасылардың ризашылығында шек жоқ
Жағдайы төмен отбасылардың ризашылығында шек жоқ

Наурыз қарсаңында жағдайы нашар жандарды шаттыққа бөлеген шымкенттіктер бұл шараны дәстүрге айналдыруды ұйғарып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1e6_3Expayc[/youtube]