Наурызнама: Оңтүстікте «Үйлесім күні» аталып өтті

736
Түркіменстанда «Новруз» мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері аталып келеді
Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына  15-20 күн алдын дайындала бастайды. www.liveinternet.ru
Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын дайындала бастайды. www.liveinternet.ru

Әрбір ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі, мәдениеті болғанымен, жыл басы әз Наурыз баршаны біріктірген ортақ мерекеге айналды. Оңтүстік Қазақстанның көпұлтты халқы бұл жолы да бір щаңыраққа топтасып, Ұлыстың ұлық күнін достық пейілмен қарсы алды.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» саябағында бас қосқан ұлттық-мәдени орталықтар Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Қонаққа келген әрбір оңтүстікқазақстандықтарға ұлттық тағамдарынан дәм тартқызып, ұлық мерекемен құттықтады.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам ұлттың өкілдері тату-тәтті бейбіт өсір кешіп жатыр. Кіші ассамблея құрамындағы ұлттық мәдени орталықтар ешқашан қоғам өмірінен шет қалған емес. Жыл жаңарып, жаны жадыраған Оңтүстіктегі ағайын, бұл күні, сондай-ақ, тағылымы мол қазақы салт-дәстүрімізді де қайта жаңғыртты.

Бірлікті ту еткен шарада облыстық этномәдени орталықтар дайындаған қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеге жиналғандрды облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов құттықтап, облыс әкімдігінің атынан қоғамдық өмірге белсене үлес қосып жүрген этномәдени орталықтардың бірқатар мүшелерін марапаттады.

Новруз Байрамы әзірбайжандықтардың  ең басты әрі сүйікті  мерекесі. azerbaijan.kavkaz-uzel.ru
Новруз Байрамы әзірбайжандықтардың ең басты әрі сүйікті мерекесі. azerbaijan.kavkaz-uzel.ru

Мереке әрбір ұлттың пейілі мен дархандығын танытатын думан. Наурызға жиылған жұрт бұл күні әрбір ұлттың тағамдары қойылған достық дстарханынан дәм татты. Түрлі тілде ән айтып, би биледі.

Осылайша, оңтүстікте Наурыз-думан басталып кетті.