ОҚО тұрғыны облыс әкіміне өкпелі

Индира Ақжігітова, "Ақжайық" шағынауданының тұрғыны
Индира Ақжігітова, "Ақжайық" шағынауданының тұрғыны
Индира Ақжігітова, «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны

«Мәселеңізді қараймыз!» Шенеуніктердің осылай айтқан сөзіне қала тұрғыны Индира Ақжігітова сенуден қалды. Мемлекеттен алған жер теліміне баспана салып, отбасымен өз үйінде тұрып жатқан ананың шырқын сол мемлекеттік мекеме мамандарының өзі бұзды. Оның заңдастырған жері, неге екені белгісіз, жолдың орны болып шықты. Осы мәселенің ақ-қарасын шешіп беруді өтінген азаматша облыс әкімінің есеп беру жиынына қатысып, сауал қойған болатын. Әзірге нәтиже болмай тұр.

 

Индира Ақжігітова «сенім» деген сөзді тіпті аузына алғысы келмейді. Өйткені, мемлекеттен алған жер телімін мемлекетке мұқтаж деп тапқандар сол учаскені қайтып алмақ. Мұны Облыс әкімне дейін жеткізді. Әзірге еш нәтиже жоқ. Бұл кадрлар Асқар Исабекұлының 20 ақпанда берген есебінен. Дәл сонда кейіпкеріміз әкімге сауал қойып, өтінішін жұрт алдында жария еткен. Сол шақта облыс басшысы да, азаматшаның мәселесін қараймыз деп уәде берген.

Индира Ақжігітова, «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны: «Мен енді кімге барарымды білмеймін. Бір адам, шынымды айтсам, жол үстінде тұрмын. Бір адам хабарласқан жоқ. Келіп менің жағдайымды сұраған да жоқ. Болмаса телефон арқылы да сұраған жоқ. Өмірде сарғайып күткен жаман дейді ғой, мен күттім. Менде шет-шетімді қоршауым керек. Тірі адам тірлішігін істейді дейді ғлой. Тал отырғызуым керек. Қай жерге отырғызарымды білмеймін. Маған бір-ақ сұрақ керек. Осы үй алынады, деп алса, маған жағдай істеймін де алсын».

Төрт баланың анасы Индираның отбасындағы жағдайды бағдарламамызда бұрын да көтергенбіз (17.01.2012 жыл. http://kz.otyrar.kz/2012/01/shymkentte-zher-dauy-ta%D2%93y-da-bas-k%D3%A9terdi/). Заңды жерін мемлекет қажеттілігі үшін алып қойған жер қатынастары бөлімі отбасының салып қойған үйі мен жер телімін бар болғаны 10 мың АҚШ долларына бағалаған. Сөйтіп, учаскесінінің үстінен көше салған. Индираның сөзінше, бұл ақша не жер теліміне жетпейді, не уй соғуға да жетпейді.

Индира бұрын ауласындағы сым қоршауды тек көшенің учаске үстінен салынып кетпеуі үшін қойдым деп ойлайтын. Енді оған қарап тұрып билік пен халықтың арасында да осындай қамалдың бар екеніне көзі жетті. Келіншекті біздегі істің тек қағаз, сөз жүзінде ғана қалатыны қынжылтады.

Мәселені жер қатынастары бөлімі де реттей алмаймыз деп отыр. Өйткені, сот шешімі шығып қойған. Ал жер телімін өзге жағынан созып беру бұл тіпті мүмкін емес деп азар да безер. Облыс әкімдігінен ешқандай тапсырманың болмағаны айдан анық байқалады.

Қасымбек Сайлауов, қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары: «Бұл кісінің уәжін қанағаттандыру үшін 1,5 млн емес, басқа 2 млн, 3 млн. одан жоғары бағаны беретін болсақ, соттың шешімінен шығып кеткен, бұл соттың шешімінің шекарасынан шығып кеткен боламыз ғой. Бұл деген сөз біз бұл кісіге артықшылық жасаған болып есептеледі.  Егер сондай жаңадан жәйттер, басқа да жағдайлар мән-жайлар болса, біз сот тарапынан да, қалалық жер қатынастары бөлімінен де оған түсіністікпен заң шеңберінде тағы да қараймыз».

Индира енді тығырықтан шығар жолды қайдан іздерін білмейді. Бір сенері қолында заңды құжаты бар. Сондықтан да ештеңеге қарамай күн жылыса болды үйінің айналасын көріктендіруге кіріспек. Бірақ оның көзі әділдіктің жоқтығына жетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0arLN1p8w8M[/youtube]