Оңтүстіктің оқушылары республикалық пән олимпиадасынан жүлдемен оралды. Еншімізде 3 алтын, 7 күміс, 1 қола. Бүгін жеңімпаздарды Шымкент теміржол вокзалында ата- аналар мен ұстаздар және облыстық білім басқармасының өкілдері күтіп алды.
Айта өтейік, Талдықорған қаласында физика, химия, билогоия мен география пәндері бойынша наурыздың 12-15 аралығында олимпиада өткен болатын. Оған облысымыздан 38 оқушы қатысып, 11 жүлделі орындардан көрінді. Оның ішінде бір алтын мен жеті күміс және бір қола медаль бар.
Азизбек Авилбеков пен Қыдырәлі Бекұлан, Серғазы Қалмырзаев — бірінші орынның жүлдегерлері.
Батыр Ильяс, Айтбай Санжар, Уалихан Қалходжаев, Сейдалы Мұхаммед, Бекзат Әбдікерім, Дима Ануфриев- екінші орын иегерлері.
Дәулет Батырхан- үшінші орынның жеңімпазы.
Сонымен қоса, Шымкет қаласындағы №1 ер балалрға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Серғазы Қалмырзаев осы уақытта Азия елдері арасында (Талдықорған қаласы) өткізілген «Азия-Тынық мұхит» олимпиадасында бірінші орынды және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасында екінші орынды қатар жеңіп алды.
Ал қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада наурыздың 25-індеТараз қаласында өтетін болады.