Оңтүстікте көктем жылы болады. Облыс синоптиктері осылай деп болжап отыр. Көктемнің алғашқы күні Шымкентте күндіз ауа температурасы +15 градус жылы болды. Күні ертең облыс бойынша +18 градусқа дейін жылы болады,. Тек 3-4 наурыз күндері ауа райы жауын шашынды, тұман түсіп, жепл тұруы ықтимал.
Динара Айтмұрзаева, «Қазгидромет» РМК ОҚОФ инженер-синоптигі: «Наурыз айының бірінші онкүндігінде түнде 0,-5 аяздан онкүндіктің соңына қарай 5-7 градусқа дейін жоғарылайды. Ал күндіз ауа температурасы 6-11 градус жылыдан 12-18 градусқа дейін көтеріледі».
Ал наурыз айының екінші онкүндігінде күн күрт жылынады деп болжайды синоптиктер.
Екінші онкүндікте күндіз ауа температурасы 20-25 градусқа дейін көтерледі деп болжанып отыр. Наурыз айының 3-ші онкүндігінде ауа температурасы 12-15 градус жылы болады күндіз. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м\с жылдамдықпен болмақ.