Бүгін көлік бақылау инспекциясы мен жол полицейлері үшкүндік рейдтің басталғанын хабарлады. Осы күн аралығында барлық көліктердің техникалық бақылау куәліктері тексерілетін болады. Ал жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустардың да жағдайы назарға ілінбек. Өйткені шағым көбейіп кеткен. Оның үстіне бақылаудан өткендігі туралы жалған куәлік жасату фактілері тыйылмай тұр.
ОҚО бар 473 мың көліктің 388 мыңы техникалық байқаудан өтуі тиіс болса, ол бар болғаны 11 пайызға ғана орындалды. Оның 600 ге жуығы жалған. Мамандар әлі жалған куәліктер жетіп жатыр дейді. Мысалы, Жетісайдағы бір күндік рейд 61 жүргізушінің жалған техникалық байқау куәлігімен жүргендігін анықтады.
Жолға шықан 6 топ жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарды да қатаң бақылауға алады. Себебі жыл басынан бері жолаушы тасымалымен айналысатын автобустардың қатысуымен үш үлкен жол апаты орын алды. Ал шамадан тыс жүк артқандарға көрілетін шара қатаң болмақ.
Айта өтейік, шара үзіліссіз жалғасады. Күндіз қаладағы көліктерді тексерген инспекторлыр кешкісін қала аралық трасаларға шығыды.