Облыс басшысы тікелей эфирде сұқбат берді

Облыс әкімі 100-ден аса сауалға жауап беріп үлгерді
Облыс әкімі 100-ден аса сауалға жауап беріп үлгерді
Облыс әкімі 100-ден аса сауалға жауап беріп үлгерді

Асқар Мырзахметовтың ОҚО әкімі қызметіне тағайныдалғанына тура 4 жыл. Осы күні өңір басшысы жұртшылықтың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын-үйді жаңғырту бағдарламасы, қаланың бас жоспары, коммуналдық қызметтер төңірегінде және мектептер мен жол жөндеу жұмыстарына қатысты болды. Тұрғындар көкейіндегісін телефон арқылы хабарласып жолдады.

Тындырымды тірліктермен толыққан төрт жыл. Тікелей эфирде болған жүздесуде облыс басшысы статистканы сөйлетіп, баяндама жасағаннан гөрі халықтың сауалын тыңдап, тіке жауап бергенді жөн көрді. Аз емес, 100 ден аса сауал түсті. Бұлай болады деп ешкім ойламаған.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Статистикалық мәліметтерді көбірек айтқым келмеді. Ол есепте де бар. Газеттердің барлығында да жарияланды. Сондықтан оларды қайталаудың қажеті шамалы шығар. Бұл жерде менің осы өңірдің басшысы ретіндегі көзқарасым, басшы ретінде кейбір мәселелерге адами тұрғыдағы пікірлерімді білдіргім келді. Жалпы халыққа да менің жеке пікірім қызы деп ойлаймын».

Эфирді өңірдің белді журналистері жүргізіп отырды. Тек тұрғындар емес, халықтың аманатын арқалап жүрген тілшілер де әкімге сұрақтарын қойып отырды.

Жүздесу 1 жарым сағатқа созылды. Осы уақыт аралығында тек 20-ға тарта сауалға жауап беру мүмкін болған. Бірақ өзге өтініштер де жауапсыз қалмайды. Бірер аптада әкімдіктің ресми сайтына жауаптар жарияланады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NOOEUTYweJ4[/youtube]