Жастар мамандық таңдауда қателесіп жатады. Сұранысқа ие мамандықтарға пысқырып қарамағандықтан дипломымен үйде отыр. Сондықтан да заман талабына сай 20 мамандыққа мемлекеттік тапсырыс беріліп, 18 мамандық жабылған дейді облыстың бас мұғалімі.
Білім саласындағы өзекті сауалдарға білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева жауап берді. Студенттерге жатақхана жетіспейді оңтүстікте. Кездесуге жиналғандардың көбісі осы мәселені көтерді. Келер жылы Кентаудағы көпсалалы колледжге қосымша жатақхана салынады екен.
Жолда жүру ақысынан бастап, шәкіртақы және бітірушілердің мектеппен қоштасу кешіне дейін жолданған сауалдары жауапсыз қалмады.
Әсіресе, мектептің жоғары сыныбын бітіруші түлектерге ҰБТ емтиханына тыңғылықты дайындалуына кеңес беріп, өзекті сауалдарының шешілу жолын ұсынды.