Пара алған полицейлер сотталды

339

snapshot20130327130532Созақтық полицейлер 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін сотталды. Бірі Созақ аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары, екіншісі криминалды полиция бөлімшесінің бастығы лауазымын атқарған. Оларға қатысты үкім қазір ғана Абай аудандық сотында оқылды. 

Сот залындағы айыпталушының орындығында қос бірдей полицей отыр. Екеуі де Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің шенді қызметкерлері болған. Бірақ пара алып масқарасы шыққан.

Әлгі сотталушы погондылар Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде ұсталған. Осы арқылы мұнай ұрлағаны үшін қозғалған қылмыстық істі оң шешіп беруге уәде берсе керек. Сұғанақтығы үшін жеті жыл, алты айға бас бостандығынан айрылды.

Олар ҚР ҚК 24-бабымен 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігінің б,г тармақтарымен, 28-бабының 4- бөлімі, 312-бабының 4-бөлімінің б тармағымен кінәлі деп танылды.

Жемқорлыққа барған олардың барлық мүліктері тәркілененетін болды. Оған қоса жазасын өтеп шыққан соң бес жылға дейін құқық қорғау органдарына жұмыс істеу құқығынан айрылды.

Сайдыбаттал Тоқбергенов, Абай аудандық сотының судьясы: «ҚР ҚК 24-бабымен 3-бөлігінің, 177-бабының 3-бөлігінің б,г тармақтарымен, 28-бабының 4- бөлімі, 312-бабының 4-бөлімінің б тармағымен кінәлі деп танылып, 7жыл 6 ай бас бостандығынан айрылсын. Мүлкі тәркіленсін. ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлімі негізінде жаза неғұрлым қатаң өтеді».

Абай аудандық соты
Абай аудандық соты

Бірақ пара алды деп айыпталған екі полицей сот үкімімен келіспейтінін айтып салды. Олар үкіммен келіспей қайта қарау жөнінде аппеляцияға жүгінбек. Ал олар орындай ма жоқ па ол жағы белгісіз. Әзірге екеуі де темір торға қамалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=F9YX4x-LeWU[/youtube]