Қазір Мақтарал ауданынан әскерге аттанған сарбаз Айдос Тәженовтің өліміне қатысты қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бас әскери прокуратураның мәліметі бойынша, қаруды пайдалану ережесін бұзған деп танылған азамат енді заң алдында жауап береді.
Естеріңізге саламыз, оқиға Жаркент қаласының маңында болған. Көктал оқу орталығына жиналған №18 404 әскери бөлімнің десанттық ротасы жоспарлы жаттығуын өткізген. Тапсырманы орындау үстінде мерзімді қызмет сарбазының байқаусызда атқан оғы жауынгер Тәженов Айдостың кеуде тұсына барып тиген.
Әскери дәрігерлер жаралы жігітке тиісті көмек көрсетуге тырысқан. Алайда есін жимаған сарбаз Жаркентке барар жолда жан тапсырды.