Шымкентте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы сапасыз

578
Шымкенттегі Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы осындай
Шымкенттегі Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы осындай
Шымкенттегі Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы осындай

Жол құрылысындағы шикілік! Шымкентте Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі құрылысы сапасыз. Тұрғындар осылай деп шағымданып жатыр. Айтуларынша әуежай бағытындағы жол жаңаланып жатқанда, жұртшылық бөрікті аспанға лақтырған. Ал бүгінде су жаңа жолымыз шұрық тесік боп бітті деп шағымданады.

Былтыр Темірлан тас жолында күрделі жөндеу жұмыстары басталғанда Нұралы Байтімбетов қатты қуанған еді. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені көлік дәлізінде шұрық тесік көбейіп, ал жол жиегіндегі ирригациялық жүйелер орнатқан орнынан ығысып кеткен. Такси жүргізушісі Батыс Еуропа -Батыс Қытай жолының құрылысы неліктен қадағаланбайды деп ашынады.

Нұралы Байтімбетов, такси жүргізушісі: «Жолдың сиқын көріп тұрсыздар. Асфальт шашылған. Ал мына жерде лоток жоқ, арықтан аққан су жолдың астына кетеді. Әрине содан кейін ол жер түсіп, шұңқыр болады».

Жолаушылардың да өкпесі қара қазандай. Өйткені құрылысшылар көлік дәлізінің бойында болуы тиіс жаяу жүргіншілер жолы мен арықтарды ұмытып кеткен.

Қала тұрғыны: «Міне жолмен келе жатырмын. Тротуар жоқ, онда лай. Істеуге болады ғой».

 

Автомобиль жолдары комтетенінің ОҚО департаментінің басшылығы бұл күрделіктермен таныс. Олар жолдың бұл аралығындағы құрылыс әлі толық аяқталмады деп ақталады.

Арман Қайырбеков, автомобиль жолдары комитеті ОҚО департаментінің директоры: «Құрылыс әлі аяқталған жоқ, тағы екі  қабат асфальт түселеді. Тротуар екі жақта және лотоктар барлығы орнатылады. Жөндеу жұмыстары  биыл аяқталады деп жоспарлануда».

Олқылықтың орны толады. Қадағалаушы департамент мамандары осылай деп сендірді. Айтуларынша көлік дәлізінінің сапалылығы өңірдің имджін көрсетеді. Бұл дегені Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы халыралық талаптарға сай болуы тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Nq3bgaxw6Tg[/youtube]