Шымкентте кәсіпкердің үйіне шабуыл жасалды

395
Кәсіпкердің отбасын ойрандап кетті

Шымкентте кәсіпкер азаматтың үйіне шабуыл жасалды. Бір топ жігіт қаладағы қалталылардың бірі Камал Ариповтың шаңырағының шырқын бұзып кетті. Олар кәсіпкердің отбасы мүшелерін көгала қойдай сабап, өзін және ұлын өлтіріп тастаған. Әбден азапталған тағы екі адам ауруханада хәл үстінде жатыр.

 

Кәсіпкердің отбасын ойрандап кетті
Кәсіпкердің отбасын ойрандап кетті

Бір үйден бірден екі адамның мәйіті шықты. Құрылыс материалдарын сатумен айналысатын кәсіпкердің отбасына түн ішінде төрт жігіт баса көктеп кіріп, бәрін қырып салмақ болған.  Қарақшылар қолдарына балға, балта және темір заттар ұстап кіріп алдынан шыққанның бәрін сабай берген. Қатты соққыдан 1963 жылы туылған кәсіпкермен, әлі 18 жасқа толмаған ұлы қаза тапты.

марқұмның жездесі
марқұмның жездесі

Әділбек Сұлтанов, марқұм Камал Ариповтың  жездесі: «Бірінші баласынан бастаған. Сосын әкесін ұрған. Барлығының қолдарын байлап тастап, әбден қинаған дейді. Әйелінің басынан ұрып, талдырып тастаған. Сосын қызының басын жарған. Кеше басына ота жасалды. Әлі есін жия алмай жатыр. Қасы бар дейтіндей жаман емес еді, ақкөңіл, жомарт жан. Қайрымдылық жасап, көп көмектесетін. Бұлар ұрылар. Келе сала сайфтің кілтін сұрапты. Біз солай ойлаймыз. Осындай айуандыққа барған оларды құдай да аямас».

Қазір соққының астында қалған отанасы мен қызы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қатты айқай шуды естіген көршілері көмекке келіп дәрігер шақыртыпты. Әйтпесе олардың да аман қалуы екі талай еді. Көршісінің айтуынша:»үйдің іші қан жоса.Кіре-берісте баласы, әкесі өліп жатыр. Қызының жан даусы шығып, аяқ-қолы байланып жатыр. Әйелін көк ала қойдай сабап тастаған. Жақсы адамдар еді. Жауыздар қалай жер басып жүр?»

Бір отбасын қырып салмақ болған 4 жігіт үйдегі ақшамен алтын заттардың бірін қоймай әкеткен. Қазір қандықолдар іздестіріліп жатыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Полиция қызметкерлерінің анықтағаны бойынша төрт белгісіз тұлға, беттеріне бет перде киіп, сол үйге баса-көктеп кірген. Алтын бұйымдар алған, ақша алған. Қазір бірнеше болжамдар бар. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан соң, оның барлығын айта алмаймыз. Арнайы топ құрылды, жақын арада бұл қылмыс ашылады».

Қара жамылған әулет қарақшылардың тезірек ұсталғанын қалайды
Қара жамылған әулет қарақшылардың тезірек ұсталғанын қалайды

Олар бұл шабуылға әбден дайындалған болуы мүмкін дейді полицейлер. Өйткені бәрін ойластырып қойыпты. Үйде бақылау камералары орнатылғандықтан алдымен жарықты сөндіріп тастаған. Қазір оқиға орнынан табылған лом, балта сияқты заттардан бармақ іздері алынып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ca5cVIXjSxA[/youtube]