Еріген қар мен жаңбыр суының салдарынан оңтүстікте тағы да су тасқыны болуы мүмкін.
Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып мәлімдеме таратты.
Ол аздай демалыс күндері де жауын-шашынды болады деп отыр синоптиктер. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 8-13м\с , кей жерлерде 15-20 м\с дейін жетеді. Таулы аудандарда тұман түседі.
Ауа температурасы күндіз 9,14 градус жылы, түнде термометр көрсеткіші 2,7 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде 3 градус суық болады деп болжауда.
Тек алдағы аптаның алғашқы күндерінен бастап күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз 22,27 градус жылы болса, түнде 8,13 градусқа дейін көтеріледі.