Еліміздің бас прокуратурасы Ордабасы аудандық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады.
Қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 311 бабы, 3 тармағы бойынша қозағалды. Сотталушы азамат өткен жылдың желтоқсанынан бастап үстіміздегі жылдың ақпан айына дейін жауапты мемлекеттік қызметте болған.
Оған делдал арқылы жалпы сомасы 280 мың теңге пара алған деген айып тағылып отыр.