Хор мен фортепиано фестивалі

Шымкенттегі саз колледжінде хор ұжымдары мен фортепианода ойнайтын жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі өтті. Саз және өнер мектебінде білім алатын 9 — 18 жасқа дейінгі орындаушылар Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздігі болуға талпынуда. Өңірдің түкпір-түкпірнен келген 25 пианист бес шығармадан орындаса, хор ұжымдары төрт шығармадан кем орындамауы тиіс.

Фестивальге 9 жастан бастап 18 жасқа дейінгілер қатысты
Фестивальге 9 жастан бастап 18 жасқа дейінгілер қатысты

«Мен пианинода бес жылдан бері ойнаймын. Ал мына жарысқа қатысу үшін ұзақ дайындалдым. Қазір балалар өнер мектебінде білікті ұстаздардан сабақ аламын. Жақын арада өткен қалалық жарыста бірінші орын алдым. Бес шығарма орындаймын. Мен үшін пианино жай ермек емес, сондықтан алдағы уақытта өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Сондықтан облыстық жарыста бірінші орын аламын деген үмітім мол»,- дейді пианист, қалалық фестивальдің бірінші орын иегері Жания Төлегенова.

Қалалық фестивальдің бірінші орын иегері Жанна Төлегенова
Қалалық фестивальдің бірінші орын иегері — Жанна Төлегенова

Дәстүрлі фестивалдің бір өзгешелігі жыл сайын талап өзгеріп отырады. Мәселен саз аспаптарын өзгерту арқылы түрлі жанрлардың үздіктерін анықтау көзделген. Осы арқылы дарындыларды анықтау, оларға қолдау көрсетілмек.

«Өткен жылы қазақ және орыс халық асппатары бойынша фестиваль өткізілген. Биылғы таңдау фортепиано мен хор ұжымында. Біз тек жылдың тек бір уақытында ғана емес, оқушылармен қатар ұстаздардың да мәртебесін көтеріп, еңбегін елейтін түрлі байқауларды жиі өткізсек» деген ойымыз бар дейді ұйымдастырушы, ОҚО білім басқармасы, мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының директоры Бахытжан Ешенқұлов.

Би фортепион мен хор 9жымары бойынша өткізілді
Биылғы жарыс  фортепионо мен хор ұжымары бойынша өткізілді

Екі бөлім бойынша жеңімпаз деп танылғандар арнайы сыйлыққа ие болып, республикалық жас музыканттар фестиваліне жолдама алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UUHV2Y6xpDI[/youtube]