Зообақта балалар алаңшасы ашылады

297
құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Шымкент зообағында балалар алаңшасы ашылмақ. Қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті. Балғындарға қауіпсіз аң-құс арнайы вольерлермен алаңшаға орналастырылатын болады. Зообақтың цехында аңдарға арналған арнайы ағаш үйшіктер жасалып жатыр. Шымкент тұрғындары мен қонақтары үшін бұл үлкен сый болмақ.

Гүлнәр Байжұмшаева, ғылыми қызметкер: «Балалар алаңшада жануарларға өз қолдарымен тамақ беріп, ұстап көре алады. Бұл өз ретінде балғындардың дүниетанымын арттыры белгілі. Қазір қызу жұмыстар жүріп жатыр. Бүкіл ұжым болып, балалар алаңшасының құрылысын дер кезінде аяқтауға жұмылып жатырмыз».

Балалар алаңшасында майда аң құспен бірге, лама, құлан секілді жануарлар да ұл қыздың көзқуанышына айналмақ. Шымкент зообағындағы балалар алаңшасы мамыр айында ашылады деп жоспарланып отыр.