Шымкенттегі әскери қызметшілер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін талқылады

фото Шымкент гарнизон

 

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі Шымкент қаласы полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамымен кездесулер ұйымдастырды. Іс-шаралар «Өмірді сақта» бағдарламасы және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» онкүндігі шеңберінде өткізілді.

Кездесулерде Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімінің офицері майор Хаким Әділбек, Тұран және Еңбекші аудандары ЖПҚ әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторлары полиция аға лейтенанты Айғаным Абай және полиция аға лейтенанты Әсел Төребай, сондай-ақ Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының психологы Сұлтанай Үсібалиева сөз сөйледі.

Қонақтар жеке құрамға балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге, діни радикализмге және деструктивті ағымдарға тарту, әлеуметтік желілерде заңды бұзуға бағытталған басқа да әрекеттер қатысты жауапкершіліктер туралы жеткізді.

Өз сөзінде Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің офицері майор Хаким Әділбек отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу өзекті және қоғамда ең көп талқыланып жатқан мәселе екеніне назар аударды.
– 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда полиция өтініш берушіден отбасылық-тұрмыстық жанжалды анықтауға көшті. Жаңашылдықтар өтініш берушінің өтінішінсіз әкімшілік іс қозғауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті майор Хаким Әділбек.

Тұран ауданы ПБ ЖПҚ әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Айғаным Абай мұндай кездесулер әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен жиі өткізілетінін атап өтті.

– Әр отбасында отбасылық қақтығыстар болуы мүмкін. Дегенмен, соңғы уақытта қоғамда отбасылық зорлық-зомбылықтың ауыр түрлері жиілеп кетті. Бұл сипаттағы құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше бақылауында, – дейді Айғаным Абай.

Кездесу соңында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды, ал Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының психологы Сұлтанай Усибалиева, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда, не істеу керектігі туралы ұсыныстар берді, сондай-ақ мемлекет көрсететін кепілдендірілген көмек және оны алу тәсілдері туралы айтып берді.