ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Кентау, Түркістанда болды

254
ҚР ПМ депутаты Ұласбек Сәдібеков іс сапарда
ҚР ПМ депутаты Ұласбек Сәдібеков іс сапарда
ҚР ПМ депутаты Ұласбек Сәдібеков іс сапарда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары оңтүстік өңіріндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысуда. Шағынқалаларды дамыту бағдарламасының орындалу барысын қадағалау міндеті «Нұр Отан» ХДП сарапшы  тобының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековке жүктелген. Осы мақсатта халық қауалысы кеншілермен жүздесіп, қаланың экономикасын дамыту бағытындағы күрделіктерді шешуге ықпал жасайтынын жеткізді.

Кентаудың 27 шағынқалалардың қатарына енуіне септігін тигізген 5-ші жылу энергоорталығы. Тозығы жеткен орталықтағы қазандықтар алдыңғы жылдары жарылып, жылу маусымында бүрсең қаққан кентаулықтар республикаға белгілі болғаны сол екен, үкіметтен, облыс әкімдігі тарапынан қаржылай көмек көрстелі бастады. Өткен жылу беру маусымы жаман өтпегенін алға тартқан орталықтың басшысы бар проблемаларды Парламент Мәжілісі депутатының алдында жайып салды.

Қабылбек Күмісбеков, 5-ші жылу орталығының директоры: «Көмірді жеткізу,  оның нарықтағы бағасы күрделіктер туғызуда. Бұл өз кезегінде тарифке өз септігін тигізуде. Өткен жылу беру маусымында біз қала бойынша 309 үйді жылумен қамтыдық. 11 көпқабатты үй  жылу алудан бас тартты. Енді сол тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз».

Депутат жылу орталығының жұмысына индустриалды аймақтағы жаңа өндіріс орындары бір серпін береді деген сенімде. Іске қосылатын кәсіпорындарға энергоресурстар қажет етеді. Бүгінде бағдарлама бойынша 1 млрд теңгеге 22 жоба жүзеге асыру жоспарлануда.халықтың тыныс тіршілігі де депутаттың назарынан тыс қалмады.  Медициналық саладағы күрделіктермен халық қалаулысы етене танысты. Қаланың дамуына кәсіпкерлердің үлесін атап өткен Сәдібеков мырза отандық кәсіпкерлерді қолдауға мемлекет тарапынан 70 пайыздық және бизнестің жүріп кетуіне 50 пайыздық кепілдік беретінен мәлімдеді. Мұндай жеңілдіктер толығымен пайдаланылса, кеншілер қаласының жағдайы жақсаратыны анық деп қорытындылады депутат.

Ұласбек Сәдібеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: «Былтыр Кентау қаласына 241 млн теңге қаржы пилоттық жобамен бөлініп, шаһарды көріктендіру жұмыстарына бөлінді. Алайда проблемалар да жеткілікті. Ол апатты үйлердің. жер асты суларының жәйі, тозығы жеткен магситральді және орамішілік жылу жүйелерін ретттеу, өнідірістік қалдықтарды өңдеу».

Жұмыс сапары барысында Ұласбек Сәдібеков қала әкімдігі ғимаратында кәсіпкерлер, сала мамандары және тұрғындармен кездесті. Депутат Парламентте қабылданған заңнамалар және талқыланып жатқан заңдар бойынша мәлімет берді. Жиын барысында сұрақтарға да жауап берді. Сосын мәжілісмен Түркістан қаласындағы шаруашылықтарды аралып, диқандармен кездесті. Екі жыл бұрын ашылған «Салтанат» шаруа қоожалығы 40 соттық жер алқабында орналасқан жылыжайда қызанақ пен қияр және гүл өсірумен айналысады. 10 соттық жерден шаруа 12 тонна өнім алады екен. Гүлдерден шаруашалық «петуня»-ның  14 түрін  және  «шафран» егеді. Әсем гүлдер қала, аудандардың келбетіне көрік береді. Биыл шаруашылық әкімдіктермен келісім шарт түзді. Оған сәйкес енді шаруашылық тапсырыстармен айналысады.