Биылдың өзінде заңсыз гүл жұлу бойынша 7 жағдай анықталған
Биылдың өзінде заңсыз гүл жұлу бойынша 7 жағдай анықталған
Биылдың өзінде заңсыз гүл жұлу бойынша 7 жағдай анықталған

Қызғалдақты қызғыштай қорғаймыз. Қызыл кітапқа енген Грейга қызғалдағының қолды болмауы үшін табиғат қорғаушыларымен бірге полицейлер арнайы рейд жұмыстарын жүргізді.

Түлкібас ауданындағы қызғалдақ қаулап өсетін Қызыл төбешікте жұмыс жасаған табиғатты қорғаушылар Қызыл Кітапқа енген гүлді жұлу заңмен қудаланатыны туралы өткен-кеткендерге түсіндіріп, парақшалар таратты.

Рейдке қатысушылардың айтуынша, Грейга гүлін заңсыз жұлушылар анықталып, тиісті айыптарын айлыпты. Ал 2011 жылы Бәйдібек ауданының бір тұрғыны Қызыл кітапқа енген Грейганы жиғаны үшін 40 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Ал биылдың өзінде, заңсыз гүл жұлу бойынша 7 жағдай анықталған. Оның барлығы да азаматтың тұрғылықты жеріне байланысты аудандық полиция бөлімдеріне қылмыстық іс қозғау үшін жіберілді дейді қызыл жағалылыар. Қазір сол жұимыстар бойынша тергеу істері жүріп жатыр дейді.