Қарызын қорқытып қайтармақ болды

268
күдіктілерді ұстау процесі

Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан! Шымкентте қарызын қорқытып қайтармақ болғандардың әрекеті әшкереленді. Жәбірленуші жарақат алып үлгерген.

күдіктілерді ұстау процесі
күдіктілерді ұстау процесі

Әбден соққы алған 30 жастағы азамат бұзақылардан орайын тауып қашып, полицейлерге хабарласады. Сол күні түнде оны бір топ жігіт үйінен шақырып алып, байлап тастап, ақша талап еткен.

Жәбірленуші: «Түнде екі жігіт пәтеріме бас көптеп кіріп ақша талап етті. Содан көлікке салып алып, қала сыртына алып барды. Жолдан көлікке тағы 2 азаматты мінгізіп алды. Өлтіреміз деп жанымды алған соң ақшаны да, көлігімді де беремін деп сендірдім. Содан олар мені қалаға алып келді. Осы кезді пайдаланып, сыртқа шағығуға мүмкіндік алып қашып кеттім. Дереу полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым».

Жәбірленушінің арыз- шағымы бойынша, жедел іздеу шараларын жүргізген құқық қорғаушылар көп ұзамай 3 күдіктіні қолға түсірді. Ал ұсталған жігіттер заң бұзушылақ жасаған жоқпыз, жәбірленуші жала жауып тұр деп ақталды.

Сақшылар ұсталғандарды аудандық  полиция бөліміне жеткізді. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, ҚР ҚК-нің 181 бабы бопсалау дәйігі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pyIGhyYm9Ws[/youtube]