Үздік қойылым анықталды

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Шымкентте «Театр көктемі-2013» республикалық фестивалі өтті

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Шымкентте «Театр көктемі-2013» республикалық фестивалі өтті. Оған қатысқан 8 өнер ұжымы бірнеше күн бойы көрермендерге өздерінің ең үздік қойылымдарын ұсынды.

 

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Шымкентте «Театр көктемі-2013» республикалық фестивалі өтті
Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Шымкентте «Театр көктемі-2013» республикалық фестивалі өтті

Байқаудың мақсаты – облыстағы кәсіби театрлардың өнерін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын шығармалардың театр репертуарларынан орын алуына, актерлердің бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып шеберлігін шыңдай түсу.

Көктемнің көкорай лебін ала келген бұл жолғы фестивальдің беташар қойылымы Жетісай қаласындағы сазды драма театрдың еншісіне тиді. Шымкенттен бастау алып, Жетісайда қорытындыланған фествальда Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының өнерпаздары сомдаған Юджин О-Нилдің «Шырмауық астындағы шырғалаң» қойылымы «Ең үздік қойылым» номинациясын еншілесе, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры (М.Байғұттың «Желтоқсан қасіреті») «Ең үздік тақырыптық қойылым» номинациясына ие болды. Облыстық қуыршақ театры (Ирина және Ян Златопольскийлердің «Ләйлек»)

«Ең үздік режиссерлік шешім» номинациясына лайық деп табылса, облыстық опера және балет театрының бишісі Аида Амидова Ренат Салаватовтың «Қарлы ханым» ертегі-балетіндегі басты рөлді сомдағаны үшін «Ең үздік әйел рөлі», облыстық орыс драма театрының әртісі Анатолий Петриченко П.Шиноның «Будьте здоровы» қойылымында Людовик рөлін сомдағаны үшін «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясымен марапатталды. Түркістан қаласы сазды драма театрының әртістері алып келген Еврипидтің «Троя ханшасы» қойылымы «Әлемдік классиканы насихаттағаны үшін», ал облыстық әзіл-сықақ және сатира театры болса, Т.Абдумомуновтың «Алдар көсе» қойылымымен «Ең үздік музыкалық безендірілген қойылым» номинациясын жеңіп алды.

Облыстық мәдениет басқармасының арнайы номинациясы облыстық өзбек драма театрына берілді.

Сонымен қатар, Халықаралық театр күні мерекесіне орай облыс театрларының әртістері мен қызметкерлері және Мақтарал ауданының әкімі С.Тұрбеков, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры Б.Сраилов облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Айжан Ермекқызы