26-сәуір — Чернобыль апаты зардабының салдарын жою күні

1301
Ардагерлер мен "чернобыльшылар" ескерткішке гүл шоқтарын қоюда

Бүгін адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың бірі — Чернобыль апатына 27 жыл толды. Сондағы атом электр станциясында жарылыс алған кезде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен мыңдаған адам апаттың зардабын жоюға аттанған. Олардың арасында 900-ге тарта оңтүстікқазақстандық та болды. Бүгінде өңірімізде солардың 500-і ғана аман жүр. Жыл сайын олар опат болған әріптестерін еске алады.

Ардагерлер мен "чернобыльшылар" ескерткішке гүл шоқтарын қоюда
Ардагерлер мен «чернобыльшылар» ескерткішке гүл шоқтарын қоюда

Мына азаматтар соғыста қан төккен жоқ, алайда, адам өмірін жалмаған апатты жерде болды. Олар — Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар. Енді, міне, 27 жыл қатарынан бір уақытта жолығып, радиациядан опат болған достарын еске алады.

Сәлембек Бөреев те алғашқылардың бірі болып Чернобыльге аттанған
Сәлембек Бөреев те алғашқылардың бірі болып Чернобыльге аттанған

 «Біз жылда осы 26-сәуір күні осы ескерткіштің қасында жолығамыз, — дейді Сәлембек Бөреев. — Өткен-кеткенді еске алып, опат болған әріптестеріміздің, жерлестеріміздің әруағына бағыштап құран оқимыз. Жыл сайын қатарымыз сиреп барады. Алайда, Алланың ісіне шарамыз жоқ. Басқа қалаларға барсаң әкімдері біз секілді азаматтарға арнап, жеңілдік бөлгенін естисің. Қоғамдық көліктерде де «чернобыльшілер» тегін жүреді екен. Ал бізде ондай ешқандай жеңілдік жоқ.  Құдды бір ұмыт қалғандаймыз.»

Сол апаттың салдарын жоюға барғандар бүгінде денсаулықтарынан айрылған. Сондықтан бірнеше жылдан бері биліктің назарын осы мәселеге аударғылары келеді. Себебі 30 мың теңгелік зейнетақыны жартысы дәрі-дәрмек сатып алуға кетеді. Бүгінде Сәлембек Бөреев секілді Чернобыль апатының зардабын жоюға юарғандардан Оңтүстікте 500, ал Шымкентте 300 адам қалды. Жыл сайын үкіметтің тиісті қамқорлығын көрмеген олардың қатары кеміп барады.

Ескі достар жыл сайын осында бас қосады
Ескі достар жыл сайын осында бас қосады

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=k14KqF73n1E[/youtube]