95 жаста некесін қидырды

551
Әбдуәлі Жимбаев пен Мавжуда Халмуратова
Әбдуәлі Жимбаев пен Мавжуда Халмуратова

Шымкенттегі АХАЖ бөлімінде жасы 95-ке келген қарт некесін қидырды.  Әбдуәлі Жимбаев жасының ұлғайғанына қарамастан өзінен и30 жас кіші Мавжуда Халматовамен көңіл қосқанын ресми түрде тіркетті. Осы орайда 16 жылдан кейін некелерін ресми түрде тіркеткен жас жұбайларды құттықтап барған біз, қалындықтың туған күнінің үстінен түстік.

Әбдуәлі Жимбаев пен Мавжуда Халмуратова
Әбдуәлі Жимбаев пен Мавжуда Халмуратова

Дастархан басына жиналған ағайын-туыс, балалары мен немере-шөберелері төрде отырған қарт атай мен әжейді қаумалап құттықтап жатыр. Құшақ-құшақ гүлдерін сыйлап, жылы лебіздер арнап, құттықтап жатыр. Төрде отырған екі қарттың жүзі жайдарлы, көздері күлімдеп, жас балаша қуанып отыр. Олардың өткен күндеріне өкпесі жоқ, бүгінгі күніне шүкіршілік етеді.

Иә,осыдан тура 67 жыл бұрын 10 сәуірде туылған Мавжуда Халмуратова бүгінде құдай қосқан қосағы Әбдуәлі Жимбаев екеуі балалары мен немерелерінің ортасында аман-есен отыр. Әбдуәлі атайдың айтуынша, 1996 жылы бірінші әйелі Түймегүлдің мезгілсіз қаза болып, артында 4 қыз бен 2 ұл қалыпты. Шеттей бала-шағамен 78 жасында жалғыз қалу оған оңай болған жоқ екен. Сол себепті де, Мавжуда екеуі «екі жарты бір бүтін болайық» деген шешімге келіпті.

Тек жақында ғана қарияның ұл-қыздары ата-анасының некесін заңдастыруды жөн көріпті. «Әкеміздің жасы 95-ке келді. Соңғы кезде денсаулығы да сыр беріп жүр. Екі күннің бірінде ауырып, төсек тартып жатып қалады. Ажал айтып келмейді ғой. Ойланып қарасақ, ата-анамыздың некелері заңсыз болғандықтан, әкеміз қайтыс болса, өгей шешеміз ортақ мүлікке заңды түрде ие бола алмайды екен. Осы мәселені ескере отырып, 16 жыл бойы анамыздың орнына ана болып отырған Мавжуданың жағдайына алаңдаушылық таныттық. Осылайша, ата-анамыздың некесін заңдастырдық»,-дейді қарияның қызы Шахадат Шаренова.

Өгей шешесін бөлектемей, қамқорлығынақамқорлықпен құрмет көрсетіп отырған ұл-қызға риза болдық.